Қазақстан халқы Ассамблеясы

01 Наурыз, 2021

764

Е.Маржықпаев: «Облыстағы оң өзгерістерге әрбір этнос өкілінің қосқан үлесі бар»

«Қоғамдық келісім» КММ облыс әкімі, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының төрағасы Ермек Маржықпаев Алғыс айту күніне орай облыстық ассамблея активімен кездесу өткізді.

Ермек Боранбайұлы құттықтау сөзінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен құрылған бұл күн барлық қазақстандықтардың бір-біріне деген сүйіспеншілігінің, достығы мен құрметінің, депортациялау жылдарында елімізге қоныс аударған этностардың қазақтарға алғыс білдіретін жарқын мерекесіне айналғанын атап өтті.

Өз сөздерінде Көкшетау қаласының құрметті азаматы Б.С. Жанәділов, «Қазақ тілі мен мәдениеті» ҚБ мүшесі Б.А.Ерманова Қазақстан мен Ақмола облысының тәуелсіздік жылдарындағы жеткен жетістіктеріне тоқталып өтті.

- Өңірдің экономикасындағы, әлеуметтік өміріндегі оң өзгерістерге әрбір этнос өкілі үлес қосты, - деп атап өтті облыс әкімі Е.Б.Маржықпаев.

Мерекеге орай облыстық ассамблея белсенділеріне «Халық алғысы» медалі және облыс әкімінің алғысхаттары табыс етілді.


Кейін қарай