03 Қазан, 2015
7453
«Ең үздік шығарма» байқауының қорытындысы шықты
Ақтауда өзге ұлт өкілдері балаларының арасында өткен «Ең үздік шығарма» байқауының қорытындысы шықты. Іс-шара ұйымдастырушылары: Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Маңғыстау облысы жастар ресурстық орталығы және Маңғыстау облысының тілдерді дамыту басқармасы.

Шығарма жазу байқауы «Мың бала» мәдени-ағартушылық жобасының аясында мектеп оқушыларының арасында қазанның 2-сі мен 3-і аралығында өтті. Байқауға қатысқан оқушылар «Менің елім - Қазақстан» және «Менің мәдениетім» тақырыбында шығарма жазды.
Іс-шараның мақсаты - қоғамдық келісім мен қазақстандық патриотизмді нығайту факторы ретінде мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру.
«Ең үздік шығарма» байқауына 30-ға жуық оқушы қатысты. Солардың бірі, сайыста «Менің мәдениетім» тақырыбында қалам тербеп 1-орын алған Нәсіпқали Марабаев атындағы №7 мектеп-лицейдің 10 «А» сынып оқушысы Анастасия Галустян. «Мен бұл байқауда «Менің мәдениетім» тақырыбында шығарма жаздым. Бұл тақырыпта жазу маған қиынға соққан жоқ. Себебі, мен мәдениет тақырыбында көптеген кітап, газет-журналдарды оқып жүрмін. Сол бойынша өзімнің ойыма түйгендерімді жаздым. Осындай байқауды ұйымдастырғандарына рахмет», - деді ол.
Жүлделі орын алғандарға арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.
Марапаттау іс-шарасына «Қоғамдық келісім» мекемесінің қызметкерлері, облыстық жастар орталығының қызметкерлері, этномәдени бірлестіктер, мектеп оқушылары, мұғалімдер мен БАҚ өкілдері қатысты.
«Ең үздік шығарма» байқауының қорытындысы
«Менің елім - Қазақстан» тақырыбында:
І орын. №14 мектеп, 7 «Г» сынып, Жанна Обручкова (13 жас)
І орын. Нәсіпқали Марабаев атындағы №7 мектеп-лицей, 7 «А» сынып, Диана Навасардян (12 жас)
ІІ орын. №6 орта мектеп, 8 «Г» сынып, Динара Ахмедова (13 жас)
ІІ орын. №9 орта мектеп, 4 «В» сынып, Эллада Тагирова (10 жас)
ІІІ орын. Ақтау қалалық экономикалық лицей, 8 «В» сынып, Владислав Лихачев (13 жас)
ІІІ орын. №9 орта мектеп, 5 «В» сынып, Гульнар Шухратова (11 жас)
«Менің мәдениетім» тақырыбында:
І орын. Нәсіпқали Марабаев атындағы №7 мектеп-лицей, 10 «А», сынып, Анастасия Галустян (16 жас)
І орын. №6 орта мектеп, 9 «В» сынып, Рисола Ражапова (15 жас)
ІІ орын. №9 орта мектеп, 9 «Г» сынып, Амина Худайбердыева (15 жас)
ІІ орын.Маңғыстау облыстық мамандандырылған қазақ-түрік лицейі, 10 «Б» сынып, Абылайхан Жайылханов (16 жас)
ІІІ орын. Ақтау қалалық экономикалық лицей, 11 «В» сынып, Вероника Су (17 жас)
ІІІ орын. 9 «Г» сынып, Нигара Акимжанова (15 жас)
МОӘА «Қоғамдық келісім» КММ
Ұқсас жаңалықтар
-
АСТАНАДА «МЫҢ БАЛА» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
-
40 астам адам ҚР мемлекеттік рәміздер күніне арналған жеңіл атлетикалық жүгіру сөресіне шықты
-
Ақмолада «Еңбек пен бірлік жарасқан өңір» бірегей жобасы бастау алды
-
Қостанайда жазғы отбасылық оқылым акциясының қорытындысы бойынша эссе жинағы жарық көрді
-
Түркістан облыстық ҚХА жыл қорытындысын шығарып, жоспарларымен бөлісті
-
Таразда ҚХА мүшелеріне қошемет көрсетілді
8 Тамыз, 11:56
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
7 Тамыз, 22:49
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
5 Тамыз, 22:50
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
7 Тамыз, 12:22
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
7 Тамыз, 12:15
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті