19 Мамыр, 2024
276
Экожүйелерді қалпына келтіру мәселелері талқыланды
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да университеттің 90 жылдығына және БҰҰ-ның тұрақты даму жөніндегі «Академиялық ықпал» бағдарламасының жаһандық хабы мәртебесін алудың 10 жылдығына арналған «Климат күтпейді» атты халықаралық жобасы басталды.
Айта кету керек, Қазақстан халқы Ассамблеясының Франциядағы елшісі Малгожата Туар қолдаған «Климат күтпейді» жобасы - бұл БҰҰ-ның экожүйелерді қалпына келтіру жөніндегі онжылдығының бір бөлігі. XCSS қауымдастығы (cross country SKIING SAND) – БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі хатшылығы ресми түрде бақылаушы ұйым ретінде танылды. Жоба экотуризмді ілгерілетуге және климаттың өзгеруіне бейімделу үшін шалғай аудандардың пайдалы мүмкіндіктерін көрсетуге бағытталған.
Ауқымды жоба XCSS қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастырылған. Оған белгілі қазақстандық және шетелдік ғалымдар, сарапшылар, көрнекті қоғам қайраткерлері, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Қазақстанның жоғары оқу орындарының басшылығы мен профессор-оқытушылар құрамының өкілдері қатысуда.
Іс-шарада Басқарма мүшесі - операциялық қызмет жөніндегі проректор Еркін Дүйсенов аталған халықаралық жобаның маңыздылығын атап өтті.
«Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ үкіметпен орнықты даму саласындағы көшбасшылармен және қоғамдық қорлармен серіктестікте жұмыс істей отырып, QS Sustainability көрсеткіштерін растайтын қоршаған орта мен климатқа байланысты төтенше жағдайға өзінің институционалдық ден қоюында үлгілі болып табылады. Біз табиғатты қорғауда, қалпына келтіруде және жақсартуда маңызды рөл атқаруға тырысамыз», – деп атап өтті проректор.
Іс-шарада сондай-ақ Францияның Алматы қаласындағы бас консулы Фабрис Неве, XCSS-cross country SKIING Sand қауымдастығының президенті Эстель Пейен, Қазақстан халқы Ассамблеясының Франциядағы достық елшісі Малгожата Туар, Орталық Азия үшін БҰҰ Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасының (ЮНЕП) субөңірлік кеңсесінің басшысы Айдай Құрманова және басқалар сөз сөйледі.
Құрметті қонақтар Қазақстан-Қытай қашықтықтан зондтау және қолдану технологиясы зертханасы мен Тұрақты даму және табиғатты ұтымды пайдалану ғылыми орталығына барды.
Іс-шараның бағдарламасында «Мәдениеттер мен дәстүрлер: Қазақстандағы орнықты даму тіректері» көрмесі, шеберлік сыныптары, «Qazaq-Oner» қолөнершілер орталығының тұсаукесері, «Алтынемел» ұлттық паркінің әуен шығаратын үлкен барханындағы спорттық-экологиялық тур және «Климат күтпейді» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясы және т.б. ұйымдастырылды.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
-
Абай облысында этномедиация институтын дамыту мәселесі талқыланды
-
ЭТНОСАЯСИ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ ӨЗЕКТІ ТРЕНДТЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Этносаралық бірлікті нығайтудың әдістері талқыланды
-
«Адал азамат» ҚХА қоғамдық жобасының алдағы даму перспективалары талқыланды
-
СҚО-да ҚХА-ның ХХХІІІ сессиясында айтылған міндеттер талқыланды
30 Маусым, 16:36
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
2 Шілде, 15:38
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
вчера, 18:04
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
вчера, 14:19
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
-
Абай облысында этномедиация институтын дамыту мәселесі талқыланды
-
ЭТНОСАЯСИ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ ӨЗЕКТІ ТРЕНДТЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Этносаралық бірлікті нығайтудың әдістері талқыланды
-
«Адал азамат» ҚХА қоғамдық жобасының алдағы даму перспективалары талқыланды
-
СҚО-да ҚХА-ның ХХХІІІ сессиясында айтылған міндеттер талқыланды