Қазақстан халқы Ассамблеясы

15 Қыркүйек, 2015

949

Экспедиция Көкшетауда жалғасын табуда

Керей мен Жәнібек хандар Қазақ хандығын құрып, дербес мемлекет болғанымызға биыл 550 жыл толып отыр. Жыл басынан бері осы ұлы тойға орай еліміздің әр аймағында түрлі ғылыми конференциялар, мәдени-бұқаралық, тарихи-танымдық іс-шаралар өткізіліп, мерекенің алғышарттары бір толастаған емес. Қазақстан халқы Ассамблеясының  ұйымдастыруымен басталған «Ұлы Дала елі» экспедициясы қыркүйек айының 12 күні Ақмола облысына ат басын тіреп, алдымен Бурабай ауданында болды. 

Керей мен Жәнібек хандар Қазақ хандығын құрып, дербес мемлекет болғанымызға биыл 550 жыл толып отыр. Жыл басынан бері осы ұлы тойға орай еліміздің әр аймағында түрлі ғылыми конференциялар, мәдени-бұқаралық, тарихи-танымдық іс-шаралар өткізіліп, мерекенің алғышарттары бір толастаған емес. Қазақстан халқы Ассамблеясының  ұйымдастыруымен басталған «Ұлы Дала елі» экспедициясы қыркүйек айының 12 күні Ақмола облысына ат басын тіреп, алдымен Бурабай ауданында болды. 

Тарих ғылымдарының докторы, профессор Нұрбек Шаяхметов бастаған экспедиция мүшелері Абылайхан алаңына барып, мұражай жәдігерлерімен танысты, тарихи жинақтар сыйлады. Аудандық орталық кітапханада өткен кездесуге жергілікті жұртшылық, білім және мәдениет саласының басшылары, еңбек ардагерлері мен жастар қатысты. «Балдаурен» республикалық балалар сауықтыру орталығында болып, оқушылармен кездесті. Іс-шараға төрағалық еткен Нұрбек Шаяхметов білім ошағына Қазақстан халқы Ассамблеясының  және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесі атынан тарихи кітаптар сыйлады.

Бурабай ауданының тарихи жерлерін аралап, бұқара халықпен кездесу ұйымдастырғаннан кейін экспедиция мүшелері, Зеренді ауданына келді. Зеренді ауданында жуырда ғана ашылған Ақан Серінің атақты Балқадиша әніне арқау болған Балқадишаның ескерткішін тамашалады. Уәли сұлтанның мавзолейін көрді, археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп, көптеген құнды жәдігерлер табылған Кеңөткел жерін аралады. Республикалық «Ұлы дала елі» тарихи-мәдени экспедициясының үшінші күні, 14 қыркүйекте, Көкшетау қаласындағы қара шаңырақ Шоқан Уалиханов атындағы Көкшетау Мемлекеттік университеті мен Абай Мырзахметов атындағы университеттің студент жастарымен кездесті.

Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен  ұйымдастырылып отырған бұл игі іс-шара халықтар бірлігін нығайту, қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, Жеңістің 70 жылдығы  сынды айтулы даталарға арналып, тарихты зерделеуге қатысты қалың жұртшылық пікірлерін білуді мақсат етеді. «Экспедиция мүшелеренің жазба хаттары» деген қалың кітапқа жергілікті тарихшылар, көпті көрген абыз ақсақалдар  өз ойларын білдіріп, кейін онда жазылған ұсыныстармен белгілі ғалымдар айналысатындығын жеткізді. 

Жоғарғы оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамымен кездесуде сөз алған экспедиция жетекшісі  профессор  Нұрбек Шаяхметов үш мың жылдық тарихы бар мемлекеттігіміз, оны зерттеудің маңыздылығы жайлы келелі әңгіме өрбітіп, университет кітапханасына  бірнеше құнды кітапты сыйға тартты. Осындай кездесулер облыс орталығындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушыларымен және облыстық өлкетану мұражайының қызметкерлерімен де болып өтті. Білім және ғылым министрлігі Мемлекет тарихы институты директорының орынбасары, белгілі ғалым жерлесіміз Амангелді Қашқымбаев институттың қызметі және белгілі ғалым Ілияс Есенберлиннің өмірі мен шығармашылық қызметіне арнаған монографиялық еңбегі жөнінде айтты.

Л.Н.Гумилев атындағы  Еуразия Ұлттық университетінің профессоры , жазушы ғалым жерлесіміз Әміржан Әлпейісов өзінің «Азаттық аңсаған Сарыарқа» атты ктіабы туралы айта келіп, «Ұлы Дала елі» ұғымы туралы сөз қозғады. Сарыарқа қазақтың ұлан-ғайыр жерінің басын біріктірген бел омыртқасы деп жазғанын атап өтті. «Мемлекетіміздің кезінде Ұлы дала деп аталуының өзі осы төңірекке де байланысты. Көкшетау мен Бурабай қазақ хандығының бірден-бір тұтқасы. Мемлекет болмаса тіл, әдет-ғұрыппен дәстүр дамымайды, тарих сақталмайды. Сондықтан біздің ата-бабаларымыз бірлікке ұмтылды. Бас бірлігіміз болмаса, дұшпанымыз да көп болады.  Сондықтан бұл мәселеге сақтықпен қарауымыз қажет» деді.

Әзербайжан этномәдени бірлестігінің төрағасы, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми сарапшылар тобының  төрағасы «Тұран Таймс» газетінің редакторы Видади Салахов Қазақстан көптеген ұлттардың мекені екендігін,  мұның барлығы Елбасының сындарлы саясатының арқасында жүзеге асып жатқандығын айтып өтті. 15 қыркүйек күні экспедиция мүшелері Көкшетау қаласында жаңадан бой көтерген халық арасында «Достық үйі» аталып кеткен ғимаратқа табан тіреді. Түрлі ұлттар мен ұлыстар мекен еткен бұл ғимаратттың ашылғанына биыл 1 жыл толды. Зәулім ғимараттың мәжіліс залына жиналған этномәдени бірлестіктердің төрағалары, түрлі ұлт өкілдері, қаламыздың саяси-ғылыми зиялы қауым өкілдері экспедиция мүшелерін зор қуанышпен қарсы алды.

Тарихшы ғылымдардын құралған экспедиция мүшелерімен кездесуге төрағалық еткен Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылықтың басшысы Айна Мысыралимова Көкше жерінен де белгілі тарихи тұлғалар шыққандығын, биыл ақмолалықтар даңқты жерлестеріміз Мәлік Ғабдуллин мен Ілияс Есенберлиннің 100 жыл толуына орай бірқатар іс-шаралар қолға алынып жатқандығын айта келе, экспедиция жұмысына сәттілік тіледі.

«Қоғамдық келісім»  КММ баспасөз қызметі

Кейін қарай