12 Қыркүйек, 2015
1676
Экспедиция мүшелері Бурабай ауданында
Астана қаласында 2015 жылы 11 қыркүйекте басталған Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған республикалық «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» тарихи-мәдени экспедициясы 12 қыркүйек күні Ақмола облысының Бурабай ауданына келіп, орналасты. Экспедиция мүшелері Абылай хан алаңына келіп, экспедицияның кітап-күнделігін табыстау рәсімін өткізді. Кейін Абылай хан мұражайын аралады. Абылайдың хандық құрған кезеңіндегі құнды жәдігерлермен танысты.
Астана қаласында 2015 жылы 11 қыркүйекте басталған Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған республикалық «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» тарихи-мәдени экспедициясы 12 қыркүйек күні Ақмола облысының Бурабай ауданына келіп, орналасты. Экспедиция мүшелері Абылай хан алаңына келіп, экспедицияның кітап-күнделігін табыстау рәсімін өткізді. Кейін Абылай хан мұражайын аралады. Абылайдың хандық құрған кезеңіндегі құнды жәдігерлермен танысты. Алыс, жақын шет елдермен жазған хаттары, ханның мөрі қойылған залдарды аралады. Одан кейін Бурабай ауданының қоғам қайраткерлерімен қазақстандық этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісім тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Экспедиция мүшелері «Балдаурен» республикалық балалар сауықтыру орталығында демалушы балалармен кездесіп, Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған экспедицияны ұйымдастырудың негізгі мақсат-мүддесімен таныстырды. Өз кезегінде балалар тарихшы мамандардан Қазақ хандығының тарихы мен қалыптасу жолындағы өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, ел бірлігі мен толеранттылық тақырыбында қызу пікір-талас өтті. Одан кейін экспедиция мүшелдері Щучье қаласында ораналасқан кадет коропусының курсанттарына «Мәңгілік ел мұраты-ел бірлігі» тақырыбында дәріс оқыды. Қазақстан халқының тарихи-мәдени және рухани мұрасын оқып-үйрену мен насихаттау негізінде қазақстандықтардың бірегейлігі мен ұлттық бірлігін нығайту мақсатында ұйымдастырылған экспедия Бурабай ауданынан шығып, Ақмола облысының Зеренді ауданына бет алды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелеріне құттықтауы
-
«Ассамблея жастары» ұйымының мүшелері Ақтау қ. маңында ұшақ апатынан қаза болғандарды еске алды
-
Қостанай облысы ҚХА Этномедиация кеңесінің мүшелері 2024 жылғы жұмысын қорытындылады
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Қазақстан киберспорт федерациясының вице-президенті Е.Черваковпен, сондай-ақ ҚР Парламенті Сенатының депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері Г.Шиповских және А.Сатвалдиевпен кездесті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бейбітшілік пен келісім жолымен» халық экспедициясы» жобасы аясында II пресс-тур бастау алды
-
ҚХА-НЫҢ «БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ ЖОЛЫМЕН» ХАЛЫҚ ЭКСПЕДИЦИЯСЫ – ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА
25 Шілде, 21:04
«TEATR-ALL» театрының «QUTQAR MENI» атты психологиялық драмасы көрерменге ұсынылды
28 Шілде, 11:13
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады