28 Қыркүйек, 2015
914
Экспедиция мүшелері жолда көлік апатына ұшыраған сәбилі әйелді құтқарып қалды
Бүгін экспедиция құрамында дарқан даламызды аралағанымызға 15 күн болды. Осы екі аптада экспедиция мүшелеріне жергілікті тұрғындар жол сілтеп, қолдарынан келгенінше көмектесіп келеді. Дегенмен, айта кететіні көштің тұрғындарға да пайдасы тиіп жатыр. Елді мекендердің тарихын зерттеп жүрген топ ен далада қалып қойған азаматтарға да қол ұшын беріп жүр, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Мысалы, экспедиция мүшелері жолда көлік апатына ұшыраған әйел мен бір жастан асқан баланы жол сақшыларының қолына аман-есен тапсырды. «Daewoo Matiz» көлігі жаңбыр суынан тайғанақтап, 10 метрдей қашықтыққа жолдың жиегіне ұшып кеткен болатын.
Осындайда байланыстың болғанының маңызды екенін түсінесің. Сондықтан, экспедицияда жүргенде заманауи технологияларды керек кезде ғана пайдалануды үйренесің. Далада тоқ жоқ, қуатты үнемдеу керек. Ноутбук, фотооаппарат, ұялы телефон және жол көрсететін құрылғыларды тек керек кезде ғана пайдаланамыз. Елді мекендерге жеткенде бірінші кезекте соларды қуаттаймыз. Көлік жүргізушілері көліктерін жанар-жағармайға толтырып әлек болады. Өйткені, шалғайдағы ауылды жерлерде жанармай құю стансалары жоқ. Ең сенімді нәрсе – еліміздің картасы мен барлығынан хабардар жергілікті тұрғындар. Және де қандай дата, аптаның қай күні екені маңызды болмай қалады екен. Ал «Келесі пункте дейін қанша шақырым?» деген ең басты және жиі қоятын сұрағымызға айналды. 150 – 200 шақырым деген біз үшін қазір тым жақын сияқты көрінетін болды.
Заманауи технологияға тәуелді болып қалған біз екі тәулік бойы оларсыз өмір сүріп көрдік. Арқалықтан Екі дің ауылына барған жолда ұялы байланыс мүлдем болмады.
Жол бойындағы тарихи ескерткіштермен танысып, бұлақтан су ішіп, табиғатты тамашалаған экспедиция мүшелері еш белгісі жоқ, сан-салалы нашар жолда бірнеше рет адасып қалды.
Бір-бірімізді тапқанмен, баратын ауылымызды таппай, өзен жағасында от қойып, сол жүрде түнемек болдық. Дегенмен, бізді күтіп жүрген жергілікті тұрғындар іздеп тауып, ауылдарына алып барды. Шаршағанымызға қарамастан, ауылдың әсем көрінісі бізді еліктіре берді. Қарасаң көзің тоймайды. Әсіресе, түнде ауылда аспандағы жұлдыздар ерекше жарқырап көрінеді. Ауылдың иісі де тамаша. Жусанның иісі, даладағы қазанда бүлкілдеп пісіп жатқан ет пен ішінде бұрқырап шайы қайнаған самауырын түтінінің иісі алтын бесік – ауылымызды, балалық шағымызды еріксіз еске түсірді. Осылайша, ауылда түнеп, таңғы алтыда Ұлытауға жолға шықтық. Жергілікті тұрғындар Ұлытауға ен дала арқылы қысқа жолмен апармақ болғанымен, жол тым нашар әрі қауіпті болды.
Бірнеше рет батып қалып, бір-біріміздің көлігімізді итеріп шығардық. Одан қалса, қамысты аяқпен таптап, жол жасап отырдық.
Осылайша, қасиетті Ұлытауға аман-есен жетіп, одан әрі Жезқазғанға бет алдық.
Ақпаратқа сілтеме: http://bnews.kz/kk/photonews/post/293503/
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелеріне құттықтауы
-
«Ассамблея жастары» ұйымының мүшелері Ақтау қ. маңында ұшақ апатынан қаза болғандарды еске алды
-
Қостанай облысы ҚХА Этномедиация кеңесінің мүшелері 2024 жылғы жұмысын қорытындылады
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Қазақстан киберспорт федерациясының вице-президенті Е.Черваковпен, сондай-ақ ҚР Парламенті Сенатының депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері Г.Шиповских және А.Сатвалдиевпен кездесті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бейбітшілік пен келісім жолымен» халық экспедициясы» жобасы аясында II пресс-тур бастау алды
-
ҚХА-НЫҢ «БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ ЖОЛЫМЕН» ХАЛЫҚ ЭКСПЕДИЦИЯСЫ – ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
1 Тамыз, 19:35
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
3 Тамыз, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты