Қазақстан халқы Ассамблеясы

19 Қаңтар, 2016

1081

«Ел бірлігі-рухани байлығымыз» арт-жобасы басталды

2016 жылы 18 қаңтарда Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы мен   қала әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясымен бірлесіп Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің  25 жылдығына арналған «Ел бірлігі-рухани байлығымыз» атты арт-жобаны  бастады. Аталмыш іс-шара көркемсурет және сәндік-қолданбалы өнер көрмесі форматында өтті. Мақсаты – азаматтардың эстетикалық дамуына қоғамның назарын  аударту.

Халықтық сәндік-қолданбалы өнер –  әлемдік көркем мәдениеттің негізі, даналық пен әсемдіктің таусылмас қайнар қөзі. Онда сан ұрпақтың түрлі материалдарды: ағаш, саз, жүн, металдарды өңдеу тәжірибесі бейнеленген. Көне дәстүрлерді көздің карашығындай сақтап және байыта отырып, халықтық қөркем қолөнер кәсібі қазіргі мәдениеттің айқын құбылысы болып, үй тұрмысының маңызды және бөлінбес құрамына айналды. Көрмеге республикалық және қалалық этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен мүшелері, мемлекеттік қызметшілер, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессорлар-оқытушылар құрамы, студенттер, БАҚ өкілдері қатысты.

Көрмеге келген қонақтарға Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының жетекшісі Әбдәлиева Маргарита Әбубәкірқызы, қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Мамсуров Казбек Владимирович, техника ғылымдарының кандидаты, доцент, Академияның стратегиялық даму және халықаралық қатынастар жөніндегі проректоры  Уалханов Байжан Нұрбайұлы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, профессор, дүние жүзі қазақтар қауымдастығы төрағасының орынбасары Балғабаев Сұлтанәлі құттықтау сөз сөйледі.

Кейін қарай