
23 Маусым, 2018
717
«Ел жүрегі - Астана» фестивалі
Ағымдағы жылдың 23 маусым күні Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы және Атырау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-сінің ұйымдастыруымен Сұлтан Бейбарыс алаңында «Ел жүрегі - Астана» Елорданың 20 жылдығына арналған Атырау облысының этномәдени бірлестіктерінің би ұжымдарының және облыстық шығармашылық би топтарының фестивалі өткізілді.
Фестивальдің негізгі мақсаты: жастардың бойында шығармашылыққа деген талпынысты арттыру, хореография өнерінің кең ауқымда дамуына атсалысу, өскелең ұрпаққа еліміздің басты байлығы - Қазақстан халқының достығы мен бірлігін дәріптеу. Сондай-ақ би өнері арқылы этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісін насихаттау болып табылады.
Шараға этномәдени бірлестіктердің өкілдері, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының мүшелері, қала тұрғындары мен қала қонақтары және БАҚ өкілдері қатысты.
Фестиваль барысында «Иверия» грузин, «Татулық» татар-башқұрт, «Таврос» армян, «Светоч» славян этномәдени бірлестігінің «Уралочка», «Былина» орыс этномәдени бірлестіктерінің вокал ансаблі, «Жұлдыз» халықтық би ансамблі, «Тропикана» мектеп-студиясы, «Арабеск» би мен гимнастика мектебі, «Жібек жолы» хореографиялық ансамбльдері халық билерінің мән мағынасын ашып, сахнаға өз өнерлерін көрсетіп халық ықыласына бөленді.
Сондай-ақ би топтарынан бөлек жеке орындауда ән шырқалды. Соның ішінде Астана құрдасы, халықаралық, республикалық, облыстық фестивальдарының жүлдегері, жас талант иесі «Таврос» армян этномәдени бірлестігінің мүшесі Лиана Плузянның «Саржайлау», «Иверия» грузин этномәдени бірлестігінің өкілі Ани Цатынянидің «Туған жер» әндері орындалып қазақ еліне деген шексіз махаббатын жеткізді.
Шара соңында Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Хатшылық басшысы Г.Шәкірова мереке қарсаңында ұйымдастырылып отырған шараға қатысушыларды Астана күнімен құттықтап, алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыстады.
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
ҚХА шығармашылық ұжымдарының республикалық фестивалі өтті
-
«Жан DoStar: бір аспан астында» VIII Республикалық өнер фестивалі өтті
-
Маңғыстау облысында ҚХА 30 жылдығы аясында шығармашылық ұжымдардың республикалық фестивалінің облыстық кезеңі өтті
-
ҚХА «Елдесу және татуласу» жобасы аясында медиация семинар-тренингтер өтті
-
Қарағанды облысында «Елтану» лекторийі өтті
26 Тамыз, 15:41
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
25 Тамыз, 18:49
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
25 Тамыз, 15:35
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
25 Тамыз, 21:37
ҚХА Төрағасының орынбасары «KD Solution» компаниясының басшыларымен кездесті
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
ҚХА шығармашылық ұжымдарының республикалық фестивалі өтті
-
«Жан DoStar: бір аспан астында» VIII Республикалық өнер фестивалі өтті
-
Маңғыстау облысында ҚХА 30 жылдығы аясында шығармашылық ұжымдардың республикалық фестивалінің облыстық кезеңі өтті
-
ҚХА «Елдесу және татуласу» жобасы аясында медиация семинар-тренингтер өтті
-
Қарағанды облысында «Елтану» лекторийі өтті