Қазақстан халқы Ассамблеясы

16 Тамыз, 2024

93

ҚХА «Елдесу және татуласу» жобасы аясында медиация семинар-тренингтер өтті

Абай облысының Аягөз және Үржар қалаларындаҚазақстан халқы Ассамблеясының «Елдесу және татуласу» жобасы аясында медиация институтын дамыту бойынша семинар-тренингтер өтті.

Семинар-тренингтердің ұйымдастырушысы - ҚРМәдениет және ақпарат министрлігінің «Қоғамдық келісім» РММ.

Семинар-тренинг этносаралық қатынастар саласындағы жанжалды жағдайларды шешу бойынша медиация дағдыларын қалыптастыру және дамыту мақсатында өткізілді.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің «Қоғамдық келісім» РММ ҚХА Жобаларды іске асыру және құрылымдармен жұмыс жасау басқармасының бас сарапшысы Талшын Италиева, ҚХА Республикалық медиация кеңесінің төрағасы, Ұлттық Құрылтайдың мүшесі Шерзод Пулатов, ҚХА медиация кабинеттерінің үйлестірушілері, ҚХА этномәдени бірлестіктерінің, қоғамдық құрылымдарының өкілдері және т.б.қатысты.

Талшын Италиева өз сөзінде семинар-тренингтерде этносаралық қатынастар саласындағы жанжалдардың алдын алу, сонымен қатар туындаған жағдайларды дер кезінде шешу үшін шаралар қабылдай алатын азаматтар санын арттыру маңыздылығын атапөтті.

Семинар-тренинг барысында Шерзод Пулатовэтносаралық қатынастар саласындағы медиацияны жүргізу ерекшеліктері мен медиация сессиясындағы зерттеу кезеңдері туралы таныстырды.

Кейін қарай