26 Маусым, 2020
15042
«Елбасы қазақ өнерінің нағыз жанашыры»
Театр және кино актері, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Қазақстан Республикасының «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Жарас Шотбекұлы Қалдаров Елбасымен болған кездесуін айтып берді:
– Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен алғашқы рет 1995 жылы Алматы қаласында кездескен болатынмын. Ол бір топ өнерпаздардың өнерін тамашалап болған соң, менің қолымдағы домбыраны алып, белгісіздеу ән айтты. Ән шырқалып болған соң, оның қандай ән екенін сұраған едім. Білмейтінімді анық түсінді. Елбасы еш ренжімей, арқамнан қағып: «Бұл халық әні – «Бұлбұлым». Есіңде болсын, ұмыт боп бара жатқан халық әндері мен халық композиторларының әндерін жарыққа шығарып, қайта жаңғырту сендердің міндеттерің», – деді.
2015 жылы Көкшетау қаласында Елбасымен тағы бір кездесудің сәті түсті. Мен ол кісінің алдында Ақмола облысының өнерпаздары атынан сөз сөйледім. Ол менің сөзімді бөліп, жиырма жыл бұрынғы екеуміздің алғашқы кездесуімізді еске алып, өзі орындап берген «Бұлбұлым» әнін айта аласың ба?» деп сұрадым. Мен басымды изедім. Осылайша, өзіме берілген регламент пен жоспар бұзылып, күтпеген жерден «Бұлбұлымды» орындап берген едім.
Тағы бірде Бурабайдағы кездесуімізде актер Ербай Дүнгененов екеуміз Елбасының алдында екі домбырамен екі дауыста қазақ әндерінен попурри орындадық. Алғашында сүйсініп тыңдап отырған ол, ән айтылып болған соң қайталап сұрады. Біз әндерді екінші мәрте айта бастағанда бізге қосыла айтып, жаңа ғана тыңдаған 7-8 әнді кезегінен де, сөзінен де жаңылмай шырқап шықты.
Елбасының мені таңқалдыратын, әрі сүйсіндіретін қыры – қай облыста қандай әнші, әртіс, ақын барын біліп, олармен болған арадағы әңгімелерді жадында сақтап, қанша уақыт өсте де жаңылмай еске түсіре алатыны. Қазақ өнерін құрметтемесе, ұлттық ән-күй, жыр-дастандарымыздан жаны ләззат алмаса, бұлай болмас еді.
Бұл күнде бүкіл әлем мойындаған саясаткер, Түркі әлемінің абызы атанған, Елбасымен Нұрсұлтан Әбішұлымен кездескенімді мақтан тұтамын.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Алматы қаласы
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
вчера, 18:16
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
4 Шілде, 18:04
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
4 Шілде, 14:19
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
6 Шілде, 11:50
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
вчера, 13:10