
03 Ақпан, 2017
867
Елбасы бастамасын қолдаймыз
Көкшетау қаласының Қоғамдық келісім мекемесінде 2017 жылдың 2 ақпанында Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Ғылыми-сараптамалық тобының Көкшетау қ. жоғары оқу орындарындағы ҚХА кафедраларымен бірлескен отырысы өтті.
Іс-шараның мақсаты – Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 25 қаңтарда жариялаған конституциялық реформаларын талқылау, сонымен қатар Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Ғылыми-сараптық топтың және Көкшетау қ. жоғары оқу орындарындағы ҚХА кафедраларының қызметінің қорытындысын жасау.
Отырысқа Көкшетау қ. жоғары оқу орындарындағы ҚХА кафедраларының профессорлық-оқытушылар құрамы, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Ғылыми-сараптық топ, Көкшетау техникалық институтының курсанттары, БАҚ өкілдері белсенді қатысты.
Іс-шара барысында тарих ғылымдарының докторы, доцент Роза Бұқтығұтова ҚР Президентінің конституциялық реформаларын талқылау бойынша сөйлеген сөзінде мемлекет басшысының конституциялық реформа, билікті Парламентке кезең бойынша беру, мемлекеттің конституциясына енгізілген түзетулері туралы ақпаратпен бөлісті.
«Мемлекеттік органдардың қызметі бақылаусыз қалмау үшін, Президентке конституциялық құқықтарды, адам мен азаматтың бостандығын қорғауды іске асыру қажет болған жағдайда Конституциялық Кеңеске жүгіну сияқты басқа уәкілеттілік тағайындау ұсынылады. Конституцияның кепілі Президент болып қала береді – ең бастысы осы. Біз билік қатынастарының ескі моделінен алыстап, жаңа жағдайларға бейімделіп келеміз. Осы мағынада алдағы өзгерістердің жағымды белгі екені рас», - деді ол өз сөзінде.
Баяндама оқығандардың ішінде Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің жалпы тарих және философия кафедрасының аға оқытушысы, тарих магистрі Раушан Жүсіпова мен Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің халықаралық қатынастар, тарих және әлеуметтік жұмыс кафедрасының оқытушысы Риззат Елубаев та бар.
Сонымен қатар іс-шарада Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы ғылыми-сараптамалық топтың қызметі бойынша ұйымдастырушылық мәселелер қарастырылды. Қатысушылар ҒСТ ережесімен танысты, ҒСТ төрағасын, төрағаның орынбасарын және хатшысын сайлау үрдісі өтті. Ғылыми-сараптамалық топтың төрағасы болып ҚХА кафедрасы меңгерушісінің орынбасары, Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің халықаралық қатынастар, тарих және әлеуметтік жұмыс кафедрасының меңгерушісі Қапышев Ардақ Қайыржанұлы, ҒСТ төрағасының орынбасары болып Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің халықаралық қатынастар, тарих және әлеуметтік жұмыс кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Свинарчук Анна Ивановна, ҒСТ хатшысы болып - Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің жалпы тарих және философия кафедрасының аға оқытушысы, тарих магистрі Жүсіпова Раушан Құрманғалиқызы тағайындалды.
Сонымен қатар жиын барысында Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының бас маманы Жаңыл Әлтекова және Ақмола облысы әкімінің аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ жанындағы ғылыми-сараптық бөлімнің басшысы Динара Мұхамбетова сөз сөйледі.
«Барлық ақпаратты қорытындылай отыра, біз биліктің барлық сатыларының мемлекет халқы алдындағы жауапкершілігі мен уәкілеттілігін арттыру бойынша Мемлекет басшысының бастамасын толық қолдаймыз. Біз Қазақстан халқының гүлденуі мен дамуы жолындағы Президенттің жаңа бастамасының дұрыстығына сенімдіміз!»,- деді іс-шара модераторы Жаңыл Әлтекова қорытынды жасады.
Іс-шара қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің Қазақстандық моделіне арналған Көкшетау қ. жоғары оқу орындарының жас ғалымдары арасындағы ғылыми жобалар байқауының және ғылыми жобалардың республикалық байқауының аймақтық кезеңінің қатысушыларын марапаттау салтанатымен аяқталды.
Марапатқа ие болғандар: филология ғылымдарының кандидаты, Ш.Уәлиханов атындағы КМУ доценті Жайлагүл Сағындықова, №13 «Экос» мектеп - гимназиясының әлеуметтік педагогы – Тамара Кубрина, педагогика ғылымдарының кандидаты, Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің халықаралық қатынастар, тарих және әлеуметтік жұмыс кафедрасының аға оқытушысы Анна Свинарчук, медицина ғылымдарының кандидаты, Ш.Уәлиханов атындағы КМУ профессоры Маржан Мырзаханова, Астана қ. медициналық университетінің 2-ші курс студенті Асмина Күшкімбаева, Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің халықаралық қатынастар, тарих және әлеуметтік жұмыс кафедрасының оқытушысы Риззат Елубаев, гуманитарлық ғылымдар магистрі, тілдік және психологиялық дайындықтың әлеуметтік-гуманитарлық пәндері кафедрасының оқытушысы, Көкшетау техникалық институтының азаматтық қорғау аға лейтенанты Жәнібек Ерғалиев.
Аймақтағы ұлтаралық келісім мен ұлттық бірлікті дамыту мен нығайтуға үлкен үлес қосқаны үшін Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы меңгерушісінің орынбасары, Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің халықаралық қатынастар, тарих және әлеуметтік жұмыс кафедрасының меңгерушісі Ардақ Қапышев, отан тарихы және Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты, Шоқан Уәлиханов атындағы КМУ доценті Гүлнар Қаженова, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің жалпы тарих және философия кафедрасының аға оқытушысы, тарих магистрі Раушан Жүсіпова, тарих ғылымдарының докторы, доцент Роза Бұқтығұтова ерекше құрметке бөленді.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА мүшелері: «Президент саясатын қолдаймыз!»
-
«Жаңа серпін: Елбасының 5 реформасы» деректі фильмі
-
Петропавлда ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған «Елбасының ізімен» атты экскурсиясы өтті
-
Атырауда өткен конференцияда Елбасының сара жолы сөз болды
-
Елордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған кітаптың тұсаукесері өтті
-
Алматыда Елбасы бастамасымен іске қосылған #ЕлбасыЖылуы акциясы бастау алды
25 Маусым, 18:05
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
27 Маусым, 16:01
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
30 Маусым, 16:36
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
27 Маусым, 14:52
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
27 Маусым, 14:47
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА мүшелері: «Президент саясатын қолдаймыз!»
-
«Жаңа серпін: Елбасының 5 реформасы» деректі фильмі
-
Петропавлда ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған «Елбасының ізімен» атты экскурсиясы өтті
-
Атырауда өткен конференцияда Елбасының сара жолы сөз болды
-
Елордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған кітаптың тұсаукесері өтті
-
Алматыда Елбасы бастамасымен іске қосылған #ЕлбасыЖылуы акциясы бастау алды