Қазақстан халқы Ассамблеясы

22 Қараша, 2021

354

Петропавлда ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған «Елбасының ізімен» атты экскурсиясы өтті

«СҚО әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» КММ-нің «Қоғамдық келісім» КММ-нің СҚО облысы әкімінің орынбасары Ғани Нығыметовпен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Елбасының ізімен» атты экскурсиясы өтті.

Ғ.Нығыметов жастар ұйымдарының өкілдерімен, еріктілер қозғалысының жетекшілерімен және белсенді жастармен кездесті. Экскурсия облыстық тарихи-өлкетану мұражайында, Тұңғыш Президент саябағында, Абылай хан резиденциясында, Петропавл қаласының Назарбаев зияткерлік мектебінде, Ботаникалық бақта өтті, сондай-ақ өңірдің бірқатар әлеуметтік және өнеркәсіптік нысандарын аралады. Достық үйіндегі қызықты экскурсиядан кейін облыс әкімінің орынбасары Ғ.Нығыметов жастармен бейресми жағдайда әңгімелесіп, олардың барлық сұрақтарына жауап берді. Ғ.Нығыметов мұндай кездесулердің маңыздылығын атап өтіп, белсенді азаматтық ұстанымды одан әрі ұстануға және патриотизммен өмір сүруге шақырды.


Ол өз сөзінде:

- Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығында және Тұңғыш Президент күні қарсаңында мен сіздермен бірге егеменді еліміз тарихының беттерін парақтай отырып, Елбасының ізімен жүріп өтуге тамаша мүмкіндік алдым. Сіздердің әрқайсыларыңыз оң өзгерістерді, креативтілік пен бастамаларды жақтайтын өз Отанының лайықты азаматы болып табылатынына сенімдімін! Сіздер мақсатқа ұмтылған, талантты, позитивті, шығармашыл, білімге құштар, айналадағы әлемді жақсы жағына қарай өзгерте алатын, жаңа көкжиектерді аша алатын және тани алатын жастарсыздар, - деп атап өтті.

Кездесу соңында Ғани Нығыметов кездесуде айтылған жақсы идеялар мен ұсыныстар үшін мақтап, жастарға қатысқандары үшін алғысын білдірді.

Кейін қарай