Қазақстан халқы Ассамблеясы

09 Желтоқсан, 2020

1651

ҚХА 25 жылдығына арналған «Елбасы. Бірлік. Келісім» көрмесінің ашылу салтанаты өтеді

2020 жылғы 10 желтоқсан күні сағ: 11.30-да Нұр-Сұлтан қаласындағы Бейбітшілік және Келісім сарайында (Тәуелсіздік даңғылы, 57, «Атриум» залы) Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған «Елбасы. Бірлік. Келісім» көрмесінің ашылу салтанаты өтеді.

Көрменің мақсаты – Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы Тұңғыш Президент – Елбасының ерекше рөлі мен тарихи үлесін көрсету.

Экспозиция «Елбасы. Бірлік. Келісім» идеологиялық платформасына біріктірілген архив материалдармен, фотосуреттермен, кітаптар және кәдесыйлармен ұсынылған.

Іс-шараға ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ж.Қ.Түймебаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Қазақстандағы дипломатиялық корпус өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, мәдениет және ғылым қайраткерлері қатысады.

Кейін қарай