11 Қаңтар, 2021
695
Елбасы ҚХА-дан ұсынылған Мәжіліс депутаттығына кандидаттарға дауыс берді
Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚХА Кеңесі ұсынған Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидаттарға дауыс берді.
- Бұл үлкен сайлау болды. Сайлауда "Нұр Отан" партиясы да жеңіске жетіп, халықтың сеніміне бөленді. Сондықтан алдымызда үлкен жұмыстар тұр. Ал бүгін мінеки, біз Конституциямыз бойынша ҚХА атынан сайланатын 9 кандидатқа дауыс бердік, - деді Елбасы.
Айта кетейік, Нұр-Сұлтан қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясынан ұсынылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVIII сессия өтіп жатыр.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 93-1-бабына сәйкес сессияда Ассамблеядан сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына ҚХА Кеңесі ұсынған үміткерлерге дауыс беріледі. Оған ҚХА мүшелерінің қатысуы ескерілген.
Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарын сайлау қорытындыларын Орталық сайлау комиссиясы шығарады.
Мұнымен қоса, бүгін Үкімет басшысы Асқар Мамин, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов, Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев, сондай-ақ министрлер дауыс берді.
Ұқсас жаңалықтар
-
Париж қ. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ҚХА қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы қызметінің тұңғыш рет таныстырылымы өтті
-
Ә.Қайырбек Гималай шыңында күй орындап, ҚХА 30 жылдығымен құттықтады
-
ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ ҚХА ДОСТЫҚ ЕЛШІСІ АКБАР АСАДУЛЛОНЫ МАРАПАТТАДЫ
-
Ақмолада ҚХА кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
Мемлекет басшысы ҚХА Төрағасының орынбасарларын қабылдады
-
ҚХА шығармашылық ұжымдарының республикалық фестивалі өтті
1 Маусым, 18:22
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
2 Маусым, 12:07
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
1 Маусым, 09:16
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Балаларды қорғау күнімен құттықтады
1 Маусым, 09:18
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Балаларды қорғау күнімен құттықтады
4 Маусым, 10:59
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды