31 Қаңтар, 2017
1145
ЕЛБАСЫ ҮНДЕУІН ТАЛҚЫЛАДЫ
Бүгін «Достық үйінде» Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдардың дөңгелек үстелі өтті.
Мақсаты – ҚР Президентінің Үндеуіндегі жариялаған жаңа конституциялық реформаларды талқылау.
Іс-шараға Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-сінің басшылығы, этномәдени бірлестік төрағалары, Ауған соғысы ардагерлері, «Нұр Отан» партиясының мүшелері, ҚХА жанындағы «Аналар кеңесінің» мүшелері, «Хазрет» жастар қоғамдық бірлестігі, «Жас Отан» жастар қанаты, «Нұрлы Ақтау» қоғамдық бірлестігі және т.б. қоғамдық ұйым мүшелері қатысты.
Жиын басында қатысушылар Елбасы Үндеуін тағы бір мәрте тыңдады. Үндеуге қатысты ойларын ортаға салып, пікірлерін жеткізді. Елбасы Үндеуіне бірауыздан қолдау білдірген қатысушылар үкіметті жасақтаудағы Парламенттің рөлін күшейту - оңтайлы шешім екенін айтты. Себебі осылайша министрлер кабинетінің өкілетті билік алдындағы жауапкершілігі артады дейді олар.
«Елбасымыз әрқашан ел қамы үшін тиімді шешімдер қабылдайды. Билік құзыретін ауыстыруы – бұл жаңа өзгерістер мен ел игілігі жолындағы ерен еңбек деп білемін. Оған қолдау білдіріп, реформалардың іске асуына атсалысу кез келген Қазақстан азаматының міндеті», - дейді «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Әсет Нұров.
Мемлекет Басшысы өз құзыретіндегі біршама өкілеттіктерді Үкімет пен Парламентке берді. Бұл - жаһандық ахуал мен ғаламдық үдерістерге, технологиялық және әлеуметтік жаңғырту талаптарына берілген нақты жауап. Басты мақсат - басқару жүйесінің тиімділігін барынша арттыру.
Ұқсас жаңалықтар
-
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА ҚХА МҮШЕЛЕРІ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАДЫ
-
ҚХА мүшелері елордалық Достық үйінде мемлекет басшысының жолдауын талқылады
-
Алматыда «Ассамблея жастары» ұйымының мүшелері жастардың басым жобаларын талқылады
-
Алматыда ҚХА ЭМБ өкілдері ҚР Президентінің тапсырмаларын жүзеге асыру жолдарын талқылады
-
Қостанайда этномәдени бірлестіктердің төрағалары Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатын талқылады
-
Ғылыми-сараптамалық қоғамдастық этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясаттың жай-күйі мен перспективаларын талқылады