06 Ақпан, 2017
1769
Елбасы үндеуіне байланысты брифинг өтті
3 ақпанда облыс әкімдігінің өңірлік коммуникациялар қызметінде Елбасының билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі Үндеуіне орай брифинг өтті.
Брифингте «Қоғамдық келісім» КММ директоры Уалихан Ибраев, «Славяне» қоғамдық-мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Галина Щербакова, «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің жетекшісі Гульчин Гейдарова өз пікірлерін ортаға салды.
«Жаңа дәуір қарсаңындағы Мемлекет басшысының халыққа арнаған Үндеуінде еліміз үшін аса маңызды мәселелер ұсынып отырғанын қадап айтты. Құнды құжатта саяси жүйені жаңартудың сабақтастығы жалғасын табады. Ол Отанымыздың, бейбіт қоғамның демократиялық тәуелсіз бағытын одан әрі тереңдете түседі. Елбасының арқасында Қазақстан 25 жылдың ішінде ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. Оны бүгінде бүкіл әлем мойындады», - деді У.Серікұлы.
Ал, Г.Сергеевна Елбасының биылғы 25-ші қаңтардағы билік бөлінісіне байланысты айтылған ұсынысы мезгілінде білдірілген бастама дейді.
«Біздің тәуелсіз ел атанып, бейбіт аспан астында халықтар достығын ту етіп, татулық, ынтымақтық, ауызбіршілік аясында өмір сүріп келе жатқанымызға ширек ғасырға жуық уақыт болды. Осы жылдар ішінде Қазақстанды бүкіл әлем таныды. Бүгінде еліміз баянды болашағымыз, кемел келешегімізге қарышты қадам басуда. Әлемдегі дамыған елдердің қатарына қосылдық. Ендігі мақсат: қаржылық дағдарысқа, басқа да кедергілерге қарамастан өркениетті елдің қатарына қосылу. Ол үшін біз бірегейлікті сақтай отырып, бірлікті нығайтуымыз қажет», - деді.
Г.Ансеровна, көп этносты, болашағына сенімді және қарқынды дамып келе жатқан еліміз 25 жылдық даму жолынан мүдермей өткендігін, алдағы уақытта биік белестерді бірлік пен татулықтың арқасында бағындыруға үлестерін қосатынын тілге тиек етті.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
-
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
-
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
9 Шілде, 18:16
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
9 Шілде, 13:10
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
4 Шілде, 18:04
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
4 Шілде, 14:19
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
6 Шілде, 11:50
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы