22 Мамыр, 2019
3444
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаевты қабылдады
Нұрсұлтан Назарбаев Бердібек Сапарбаевтың министрлік алдына қойылған міндеттерді шешу үшін мол тәжірибесі мен басқару машығы бар екенін атап өтті.
– Тәжірибеңіз көп. Маңызды жұмыстарды атқардыңыз. Үш облысты басқардыңыз. Жақсы жұмыс істедіңіз. Көп сала бойынша Ақтөбе облысының көрсеткіштерін көтердіңіз. Сіз министрлікке осы саладағы жұмыстарды жақсарту үшін тағайындалдыңыз. Тәжірибелі азамат керек болды. Халқымыздың игілігі үшін белгіленген мәселелердің бәрін шешу қажет, – деді Елбасы.Бердібек Сапарбаев Нұрсұлтан Назарбаевқа министрлік тарапынан қазақстандықтардың тұрмыс деңгейін көтеруге бағытталған жаңа әлеуметтік шараларды жүзеге асыру үшін атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде әңгімеледі.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті мұқтаж адамдарға көмек көрсету үдерісіне тиісті бақылау жасаудың қажеттігін атап өтті.
– Қазір әлеуметтік салаға бөлінетін қаражат мемлекет табысының жартысына жуығын құрайды. Барлық жұмысты жүйелендіру қажет. Ең алдымен, азаматтарымыз жұмыс орындарымен қамтылуға тиіс. Әрине, белгілі бір жағдайларға байланысты жұмыс істей алмайтындар бар. Біз соларға көмектесуіміз керек, – деді Елбасы.Сонымен қатар, Б. Сапарбаев өңірлерде тұрғын үй мәселелерін шешу және ерекше қамқорлыққа мұқтаж адамдарға қолдау көрсету үшін атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Министр бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі қағидатын жүзеге асыру аясында кәсіпкерлермен бірге қолға алынып жатқан шаралар туралы айтты. Бердібек Сапарбаев, сондай-ақ, көші-қон және көп балалы отбасылар мен оралмандарға қолдау көрсету мәселелеріне тоқталды.
Соңында Нұрсұлтан Назарбаев министрлік тарапынан атқарылып жатқан жұмыстардың маңыздылығына тоқталып, белгіленген міндеттерді тиімді шешу қажеттігін атап өтті.
Оқи отырыңыз:
БҰЛ КҮНІ - 21 МАМЫР
ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВ: ГЕРМАНИЯМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ДАМЫТУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛЕД
ТАҒДЫР ТАЛАЙЫНА ҰШЫРАҒАН ХАЛЫҚТАРДЫ ҚҰШАҒЫНА СЫЙДЫРҒАН ҚАРАҒАНДЫНЫҢ ТӨРІНДЕГІ ДОСТЫҚ ҮЙІНЕ САЯХАТ
Ұқсас жаңалықтар
-
«Этносауаттылық және этносаралық қатынастарды БАҚ-та жариялау мәселелері» атты оқу модулінің ашылуы өтті
-
ҚХА 30 жыл: бірлік, келісім және қоғамға қызмет
-
Марат Әзілханов Ұлттық «Тоғызқұмалақ» федерациясының вице-президенті Б. Оспановпен кездесті
-
Марат Әзілханов ҚХА-ның «Біртұтас қоғам: келісім және сенім» қоғамдық жобасының жетекшісі Л.Буларовпен кездесу өткізді
-
Сергей Пономарев Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының басшысы болып сайланды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының халықтық қолөнер фестивалі өтті
10 Қыркүйек, 17:29
Сергей Пономарев Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының басшысы болып сайланды
9 Қыркүйек, 09:14
Алматы облысы Ұйғыр ауданында аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды
11 Қыркүйек, 22:01
Марат Әзілханов Жамбыл облысының «Масанчи жастары» қоғамдық бірлестігінің белсендісі З.Лировпен кездесті
11 Қыркүйек, 21:51
Марат Әзілханов Ұлттық «Тоғызқұмалақ» федерациясының вице-президенті Б. Оспановпен кездесті
12 Қыркүйек, 15:55
Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің республикалық форумы өтті