
24 Ақпан, 2017
617
ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен ҚР Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына Жолдауын халыққа насихаттап, түсіндіру және Үндеудегі конституциялық реформаларды талқылау мақсатында облыс өңірлерінде түсіндіру жұмыстары басталды.
23 ақпан «Қоғамдық келісім» басшылығы Жаңаөзен қаласы жанындағы Теңге ауылының жергілікті тұрғындарымен «Атамұра» мәдениет үйінде кездесті. Жиынға Теңге ауылының әкімі Увен Максимов, оқу ісі жөніндегі мамандар, денсаулық сақтау саласының мамандары, мәдениет саласының қызметкерлері, кәсіби және кәсіби емес медиаторлар қатысты.
Кездесу барысында «Қоғамдық келісім» басшысы Амангүл Джайылханова Елбасының Жолдауындағы айтылған бес басым бағыттың әрқайсына жеке-жеке тоқталып, жан-жақты түсіндірді. Басымдықтардың экономиканы өркендету және халықтың әл-ауқатын арттыруды қамтамасыз ету арқылы Қазақстанның әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына ену ықпалы зор екенін атап өтті. Үндеудегі конституциялық реформаларға енгізілген өзгерістердің маңызы мен мақсатын түсіндіріп, тұрғындарды Елбасы шешімдерін қолдауға шақырды. Сонымен қатар, медиация ұғымымен таныстырып, оның қоғамдағы рөлін ашып айтты.
Кездесу «Медиация негіздері. Мектептегі медиация» тақырыбындағы семинар-тренингпен жалғасы. Іс-шара «Қоғамдық келісім» КММ және «Жастар жетістіктері» қоғамдық бірлестігі, Маңғыстау облыстық сотымен бірлесіп ұйымдастырылды.
«Жастар жетістіктері» қоғамдық бірлестігінің директоры Маханбетова Жақсыгүл Шахзадақызы қоғамда дау-дамайды азайту мақсатында татуластыру рәсімдерін кеңінен қолдануын, халықты дауды бейбітшілік жолдарымен шешу туралы хабардар ету қажеттілігін атап өтті.
Маңғыстау облыстық сотының судьясы Иманғалева Гүлжахан Мырзағұлқызы медицияның Маңғыстау облысында енді етек алып жатқанын айтты. Ол өзінің жұмыс тәжірибесінде өткен оқиғалармен бөлісіп, мәселелерді соттың ықпалынсыз шешіп, екі жақты татуластырған медиацияның көмегі туралы ақпараттар берді.
Сонымен қатар, кәсіби және кәсіби емес медиаторлар да дәрістер оқып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Семинар соңында қатысушылар арнайы сертификаттармен марапатталды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Абай облысында этномедиация институтын дамыту мәселесі талқыланды
-
ЭТНОСАЯСИ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ ӨЗЕКТІ ТРЕНДТЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
«Адал азамат» ҚХА қоғамдық жобасының алдағы даму перспективалары талқыланды
-
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА ҚХА МҮШЕЛЕРІ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАДЫ
-
ҚХА мүшелері елордалық Достық үйінде мемлекет басшысының жолдауын талқылады
-
СҚО-да ҚХА-ның ХХХІІІ сессиясында айтылған міндеттер талқыланды
25 Шілде, 21:04
«TEATR-ALL» театрының «QUTQAR MENI» атты психологиялық драмасы көрерменге ұсынылды
28 Шілде, 11:13
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
вчера, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
Ұқсас жаңалықтар
-
Абай облысында этномедиация институтын дамыту мәселесі талқыланды
-
ЭТНОСАЯСИ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ ӨЗЕКТІ ТРЕНДТЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
«Адал азамат» ҚХА қоғамдық жобасының алдағы даму перспективалары талқыланды
-
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА ҚХА МҮШЕЛЕРІ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАДЫ
-
ҚХА мүшелері елордалық Достық үйінде мемлекет басшысының жолдауын талқылады
-
СҚО-да ҚХА-ның ХХХІІІ сессиясында айтылған міндеттер талқыланды