Қазақстан халқы Ассамблеясы

16 Ақпан, 2017

654

Елбасы Жолдауын талқылады

15 ақпан күні І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің педагогика және психология факультеті студенттерімен ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын талқылауға байланысты кездесу өтті.

Басты мақсат - жастар мен студенттерге елдің дамуы мен өсу жоспарларының негізгі ережелерін, Елбасының Қазақстан халқына Жолдауының мақсаттары мен міндеттерін түсіндіру және талқылау.

Кездесуді ұйымдастырушылар – І.Жансүгіров атындағы ЖМУ жанындағы ҚХА кафедрасы, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ғылыми-сарапшылық топ.

Іс-шараға педагогика және психология факультетінің деканы М.Қантөреев, І.Жансүгіров атындағы ЖМУ жанындағы ҚХА кафедрасының меңгерушісі Н. Ханина және мүшесі С.Рахипова, Ғылыми – сарапшылық топ жұмысын үйлестіру жөніндегі маман М.Төребекова, оқыту және тәрбиелеу әдістемесі кафедрасының оқытушылары, «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» және «Дефектология» мамандығының 2-3 курс студенттері.

Философия ғылымдарының кандидаты, әлеуметтік - гуманитарлық пәндер кафедрасының доценті С.Рахипова ҚР Президенті Жолдауының негізгі мақсаттарын түсіндіріп, оны жүзеге асыруға және Қазақстанның дамыған 30 елдің қатарына кіру жолындағы ел азаматтарының алдында тұрған міндеттерін нақтылап айтты.

Жолдауды талқылауда Мәңгілік Елдің жалынды жастары Елбасының тапсырмасын жүзеге асыру барысындағы өз пікірлерімен бөлісіп, ойларын ортаға салды.

Кейін қарай