Қазақстан халқы Ассамблеясы

23 Қараша, 2020

2731

«Елбасымен болған кездесу ерекше әсерлендірді»

Елімізде түрлі салада белсенділік танытып, елдің игілігі үшін жұмыс жасап жүргендер жетерлік. Солардың бірі Қарағанды облысындағы "Dacia" румын мәдени қоғамы" ҚБ ММ басшысы – Александр Урмашов.

- 2018 жылы Елорданың мерейтойын мерекелеу кезінде мен Қарағанды облысының делегациясы құрамында "Қазақ еліне мың алғыс" монументінің ашылуында болдым. Біздің өңір тартқан бұл сыйлықтың тарихи маңызы зор. Ол Қазақстанға күштеп қоныс аударылған түрлі ұлт өкілдерінің қайғылы тағдырын бейнелейді. Қазақ халқы өз құшағын жайып, этностарды қаншалықты ашық және мейірімді қабылдағанын көрсетеді.

Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесу кезінде оның айтқан сөздері маған ерекше әсер қалдырды. Тұңғыш Президент жастардың өзін-өзі дамытумен айналысып, өмір сүруге және қоғам үшін жақсы істер жасап үлгеру керектігін атап өтті. Бұл сөздерден өз өміріме, ісіме үлкен шабыт алдым. Кездесуде еңбектің арқасында мақсатына жете білген адамның жанында болып, ақылын тыңдау бақыты бұйырды. Елбасының айтқан қарапайым сөздері дәл керек кезінде құлағыма жетіп, шабыттандыра білді.

Мен Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясына қатысып, төралқа мүшесі болдым. Елбасымен кездесуден соң қоғамға одан әрі пайдамды тигізгім келді. Нұрсұлтан Назарбаев қоғамның неғұрлым ұтқыр және жігерлі бөлігі ретінде жастарға зор үміт артып, нақ сол экономиканың қозғаушы күші және өз елінің тірегі болуға тиіс екенін атап өтті. Осыған дейін облыс әкімі аппаратының "Қоғамдық келісім", Қазақстан халқы Ассамблеясының түрлі жастар ұйымдарымен өзара жұмыс істеп үлкен тәжірибе жиған едім.

Қазақстан халқы Ассамблеясы "Жаңғыру жолы" жастар қозғалысы ашылғаннан кейін өңірлік штаб төрағасы болып сайландым. Жұмыс жетерлік болды. Армандаған ойларымды мейілінше тезірек жүзеге асырсам дедім. Осы мақсатта ойы, арманы бір жастарды жинап, команда құрдым. Маңызды кезеңдердің бірі балалар үйлеріне барып, қол ұшын созу болды. Осы жобаның аясында "Біз біргеміз" акциясына танымал спортшыларды, танымал тұлғаларды біріктіре алдық. Бірінші болып жауап бергендердің арасында, Василий Левиттің болғандығын ерекше атап өткім келеді. Олар өз өмірлерінен мысалдар келтіріп өскелең ұрпаққа тек өзін-өзі тәрбиелеу мен қажырлы еңбек жетістікке жетуге көмектесетінін айтты. Сондай-ақ, басынан кешірген сәтсіздіктері туралы да айтуға ұялмады. Жастар жылында да көптеген игі істер атқарылды.

Қазір мен өз елімнің игілігі үшін еңбек етуді жалғастырып келемін. Барлығымыз еліміздегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге, этносаралық қатынастарды нығайтуға жәрдемдесуге тиіспіз деп санаймын.

Кейін қарай