13 Наурыз, 2020
1728
Елбасының жастарға артқан үмітін ақтауымыз керек
«Тұңғыш Президенттің жолымен» халықтық экспедициясының Қарағанды облысындағы «Кемеңгерліктің дара жолындағы – Ұлы тұлға» салтанатты шарасынан.
Михуля Юрий:
«Тұңғыш Президент жолымен» халықтық экспедициясы Елбасының еңбек жолы басталған өлкеге келгеніне біз, жастар, өте қуаныштымыз.
Өйткені, Елбасымыздың «Жастар – Қазақстанның болашағы» деп, жастар мәселесін үнемі назарда ұстағанын, олардың жан-жақты дамуына жағдай жасағанын жақсы білеміз. Соның арқасында біз қазір білім гранттары, көтеріңкі стипендиялар, жастарға арналған бағдарламалар, еңбекпен қамтылу тағы басқа көптеген қажеттіліктердің орындалуына қол жеткіздік.
Менің ойымша, біз мұндай мүмкіндіктерді тұтынушы ғана болып қалмауымыз керек. «Алмақтың да салмағы бар» дейді ғой халқымыз. Біз ел қамқорлығын, Елбасы қамқорлығын еселеп қайтаруға ұмтылуымыз керек.
Өз басым ең алдымен барша қазақстандық азаматтың парызы – мемлекеттік тілді меңгеруден бастадым. Елбасы бұл мәселені 30 жыл бойы көтеріп келгенін бәріміз білеміз ғой. Ынта болса еш қиындық жоқ екеніне көзім жетті.
Қазақтың ұлттық аспаптары - домбыра мен қобыз үнін сүйіп тыңдаймын. Қобызда әжептәуір ойнайтынымды айтып, мақтана аламын. Енді мен кеншілер қаласының өнерін дамытуға үлес қосуға дайындалып жүрмін.
Таяуда мен Елбасы еңбек көрігінде шыңдалған қала - Қарағандының қоғамдық кеңесіне мүше болдым. Бұл жерде қалалықтардың мәселелерін шешуге көмектеспек ниеттемін. Соның ішінде талантты жастарға білім беру гранттарын көбейту мәселесін көтергім келеді.
Елбасымыздың барлық күш-жігерін Қазақстан халқының бірлігін қамтамасыз етуге бағыттағаны белгілі. Ұлтына, тіліне, дініне қарамастан Қазақстан азаматтарының теңдігі қамтамасыз етілетіндігінің бір мысалы – менмін. Осы саясаттың арқасында мен қалаған оқу орныма түсіп, болашақ мамандығым бойынша білім алып жатырмын.
Біз қоғамда өз орнымызды тауып, «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан» деп Абай атамыз айтқандай, еңбек етіп, елдің, Елбасының жастарға артқан үмітін ақтауымыз керек.
Және барлық достарымды, құрдастарымды осылай етуге, Тұңғыш Президент салған жолмен жүруге шақырамын.
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
27 Маусым, 16:01
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
30 Маусым, 16:36
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
27 Маусым, 14:52
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
27 Маусым, 14:47
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
вчера, 15:38