Қазақстан халқы Ассамблеясы

03 Шілде, 2021

453

Елорда күніне орай Қарағандыда бірқатар іс-шара өтті

Елімізде жыл сайын Елорда күнін сән-салтанатымен атап өту дәстүрге айналған. Соңғы кезде орын алған эпидимиологиялық жағдайларға байланысты Қарағанды облысы Ассамблеясы да осы атаулы күнге арналаған шараларды онлайн алаңда ұйымдастырып жатыр.


Мысалы, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы «Ел жүрегі – Нұр-Сұлтан» атты челлендж бастап, оны аймақтың аудан, қалаларындағы жастарға жолдады. Жастар өздерінің видеожолдауларында астанамыздың сән-салтанатын паш етіп, тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін жеткізіп жатыр.

Бұған қоса, Достық үйіндегі «Арқа-Айбын» патриоттық клубы дөңгелек үстелдер өткізсе, ҒСТ мен басқа да құрылымдар онлайн кездесулер, этномәдени бірлестіктер арнайы құттықтаулар, виртуалды мұражай, кітапхана көрмелерін ұйымдастырды. Сондай ақ, БАҚ алаңында жасампаз қаламыз жайлы арнайы бағдарламалар көрсетіліп жатыр.

«Мемлекеттігімізді ұлықтайтын бүкілхалықтық, маңызды мерекелердің бірі – Елорда күні. Шыны керек, астананы көшіру туралы шешім қабылданағанда көбіміз сенімсіздік таныттық, алайда, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көрегендігінің, жігерінің арқасында жиырма үш жыл ішінде біртұтас халқымыз Елордамен жасасып келеді. Арманға айналған әсем қала бүгінгі таңда елдігіміз бен тәуелсіздігіміздің белгісін айшықтай отырып, әлемдік аренада өз орнын таба білді. Келісім мен бірліктің үлгісі болған, ғылым мен мәдениет, еңбек және спорт саласындағы жетістіктерімен мәртебесі биіктеген Елордамыз асқақтай берсін. Халқымыздың баянды бірлігі, ұйыған татулығы жасасын дегім келеді. Жайнай бер, тұғыры биік мерейлі шаһар!», - дейді "Вайнах" шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы Увайс Джанаев.

Кейін қарай