23 Тамыз, 2019
1360
Елордада бес күн бойы Ресей, Қырғызстан және Қазақстанның өнерлі жастары бас қосады
23-28 тамызда Нұр-Сұлтан қаласында Этникалық мәдениеттің жастар арасындағы халықаралық фестивалі өтеді.
Фестивалді ұйымдастырушылар – Ұлттық Дельфийлік Комитет және Қазақстан украиндықтарының «Рада Қазақстандағы украиндықтар» ЗТБ Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен өткізіледі.
Фестивальге Қырғыз Республикасы, Қазақстан Республикаласы және Ресей Федерациясының делегациялары қатысады.
Фестиваль бағдарламасы Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола облысында өтетін бірқатар іс-шараларды қамтиды. Оның барысында қатысушы мемлекеттердің делегациялары елорда тұрғындары мен қала қонақтарын музыка, тарих және халықтық қолөнерлерімен таныстырады.
23 тамызда елордалық Достық үйінде өтетін дөңгелек үстел халықаралық жастар Этникалық мәдениеттің жастар арасындағы халықаралық фестивалінің пікірталас алаңына айналады. «Жерұйық» саябағының ашық алаңында сағат 19:00-де фестивалдің ресми ашылу салтанаты болады.
Іс-шараның екінші күні қатысушылар «Ұлы дала мәдениетіндегі құстардың символикасы» атты фестиваль аясында Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығына барады.
25 тамызда Қазақ ұлттық өнер университетінде делегаттар хореография, вокал, халық қолөнері бойынша қатысушылар тәжірибе мен шеберліктерімен бөліседі. Бағдарлама бойынша Қазақстан, Қырғызстан және Ресейден келген еңбек сіңірген қайраткерлер мен халықаралық Дельфий ойындарының қазылар алқасы мүшелерінің шеберлік сыныптары күтілуде.
26 тамызда елордалық Достық үйінде бейресми жағдайда делегаттар этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесіп, одан әрі ынтымақтастық перспективаларын талқылайды.
27 және 28 тамызда фестиваль бағдарламасы бойынша орындаушылық шеберлікті арттыру, «достардың кездесуі», қаланың орталық алаңдарында өнер көрсету шеберлік сыныптары өтеді.
28 тамызда сағат 20:00-де астаналық Амфитеатрда фестиваль керемет шоу Гала-концертпен аяқталады.
Ұқсас жаңалықтар
-
«БАРБАНГ» КҮРДТЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ АТБАСАР ҚАЛАСЫНА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРДІ
-
ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР -ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ НЕГІЗІ
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Ораза айт мерекесімен құттықтауы
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ораза айт мерекесімен құттықтауы
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы гуманитарлық көмек қабылдау және еріктілерінің жұмысын үйлестіру орталықтары
-
«Жүректен жүрекке» акциясы аясында ҚХА Республикалық және өңірлік штабтарының онлайн отырысы өтті