17 Ақпан, 2020
1046
Елордада дәстүрлі неміс карнавалы өтті
Нұр-Сұлтан қаласындағы Достық үйінде елордалық «Возрождение» неміс қоғамы Fasching карнавалын өткізді. Аталған іс-шараға елордадағы этномәдени бірлестіктер өкілдері мен қала тұрғындары қатысты.
Достық үйінің алаңында карнавалдық шеру өтті. Әртүрлі кейіпкерлердің көркем киімдерін кигендер өз өнерлерімен көпшілікті тәнті етті. Мерекелік кештің бір сәтіндегі бимен өрілген флешмоб жиналған қауымға ерекше әсер қалдырды.
Жалпы айтқанда, елордадағы «Возрождение» неміс қоғамы салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды берік сақтауға, тілді, мәдениет пен тарихты дамытуға, сондай-ақ жас ұрпақтар бойына терең тағылымдық мәні бар тәрбиені сіңіруге ерекше мән береді. Олар елімізді одан әрі дамытуға бағытталған маңызды істерден ешқашан қалыс қалған емес. Ортақ мүдде -қазақстандық қоғамды тыныштық әрі достық қарым-қатынас жағдайында әлемге паш ету, дейді ұйымдастырушылар.
Аталған шараның ерекшелігіне тоқталсақ, жалпы карнавал күні Германияның бірқатар қалаларында шерулер түрінде өткізіледі. Мұны ZUG пойыздары деп те атайды. Ал ең ірі шерулердің «карнавалдық қалаларда» өткізілетіндігі мәлім. Оларға Кёльн, Майнц, Дюссельдорф, Аахен, Бонн, Кобленц, Дуйсбург қалалары жатады. Бір кездері Кёльндегі карнавалдық пойыздың ұзындығы 7 шақырымға дейін жеткен екен. Осындай деректерге қарап, аталмыш дәстүрлі неміс карнавалының маңызы өте зор екенін аңғаруға әбден болады.
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы қаласындағы республикалық Достық үйінің ұйымдастыруымен Ұлттық құрылтай отырысына қатысушылармен республикалық онлайн семинар өтті
-
Алматыда Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамында қайырымдылық іс-шарасы өтті
-
Маңғыстауда «Бірлік түбі береке» атты мерекелік шара өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Наурыз мейрамымен құттықтады
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов елордалық Достық үйінде өткен «Қош келдің, әз Наурыз!» мерекелік шарасына қатысты
-
«Ассамблея жастары» белсенділері «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлеріне ұлттық ойындарды үйретті
26 Наурыз, 13:20
Алматыда Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамында қайырымдылық іс-шарасы өтті
22 Наурыз, 13:56
Маңғыстауда «Бірлік түбі береке» атты мерекелік шара өтті
27 Наурыз, 17:00
«Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында айтылған бастамаларды іс жүзінде іске асыру» тақырыбындағы дөңгелек үстел
вчера, 22:29