28 Маусым, 2021
394
Елордада ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сарапшылық кеңесінің кеңейтілген отырысы өткізілді.
Кеңейтілген отырыс жұмысына ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директоры Зарема Шаукенова, ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің төрайымы, ҚЭЗИ директорының орынбасары Айгүл Сәдуақасова, сондай–ақ ҚР Ақпарат және қоғамдық даму, ҚР Білім және ғылым, ҚР Мәдениет және спорт министрліктерінің өкілдері, ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің және ғылыми-сарапшылық топтарының мүшелері қатысты.
Кеңейтілген отырыстың күн тәртібінде ҚХА-ның Тәуелсіздікті нығайтуға қосқан үлесі, ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесі жұмысының нәтижелері, ҚХА Ғылыми-сарапшылық қоғамдастығы қызметінің жаңа жоспарлары мен перспективалары, ҚХА ҒСК мүшелерін ротациялау туралы мәселе қаралды.
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов өз сөзінде ғалымдар мен сарапшылардың ұлттық дамудың терең үдерістерін зерделеу, мемлекеттік саясатты іске асырудың тиімді тетіктерін әзірлеу бойынша маңызды миссияны атқаратынына және стратегиялық міндетті орындайтынына назар аударды.
Отырыста жалпыұлттық бірлік пен этносаралық қатынастар саласында іргелі және қолданбалы зерттеулердің, докторлық және магистрлік диссертациялардың басым тақырыптарының тізбесін әзірлеу ұсынылды. Сондай-ақ, зерттеу нәтижелерімен, соңғы жарияланымдармен алмасу бойынша сарапшылар үшін ақпараттық база мен интерактивті алаң құрудың маңыздылығы атап өтілді.
Мемлекеттік этносаясатты және ҚХА қызметін ғылыми-сараптамалық сүйемелдеудің үздіксіз процесін қамтамасыз ету мақсатында «ҚХА ҒСК құрметті мүшесі» қоғамдық атағы құрылды, сондай-ақ жас ғалымдар мен сарапшылар пулы ұсынылды.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
-
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
-
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
24 Маусым, 17:05
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
25 Маусым, 18:05
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
27 Маусым, 16:01
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
вчера, 16:36
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
27 Маусым, 14:52