Қазақстан халқы Ассамблеясы

06 Қыркүйек, 2022

417

Елордада Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру мәселелері бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

6 қыркүйекте елордадағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

Іс-шараға республикалық этномәдени бірлестіктердің басшылары, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен оның Кеңесінің мүшелері, Парламент Сенатының және Мәжілісінің депутаттары, АҚДМ өкілдері, Аналар кеңесінің, Қоғамдық келісім кеңестерінің, ҚХА ғылыми және сарапшылық қауымдастықтың өкілдері, «Ассамблея жастары» РҚБ, БАҚ өкілдері қатысты, сонымен қатар, онлайн-қосылым арқылы өңірлік «Қоғамдық Келісім» КММ және Ассамблея өкілдері қосылды.

Отырыс барысында ҚХА Кеңесінің мүшелері Мемлекет басшысының «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына жолдауына қолдау білдіріп, оны жүзеге асыру тетіктерін талқылады.


ҚХА Төрағасының орынбасары Т.Кәрімов Қазақстан халқы Ассамблеясының Жаңа Қазақстан құрылысында өзіндік ерекше миссиясы бар екеніне тоқталды. «Біз қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту тиіспіз, олар қашан да табысты реформалардың басты шарты мен әлеуметтік ортасы болады. Бұл туралы Жолдауда Президент «Біз «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын басшылыққа ала отырып, ұлттық консенсусты, билік пен қоғам арасындағы әріптестікті нығайтамыз» деп атап өтті.

Т.Кәрімовтің айтуынша, Жолдау бізге халықтың бірлігі, ынтымағы мен біртұтастығы жарасқан экономикалық өлшемнің айқын екенін аңғартады. Сондай-ақ елдегі әлеуметтік әл-ауқаттың, бейбітшілік пен келісімнің материалдық негізін жасайтын экономикалық реформалардың табысты болуы тұрақтылық пен бірлікке байланысты екенін айтты.

Жолдауда саяси реформалардың практикалық материалдық базасы мен әлеуметтік негізі қорытындыланады, деп түйіндеді ол, сондай-ақ ұсынылып отырған экономикалық реформалар пакеті экономикалық дамудың сипатын түбегейлі өзгертіп, оны азаматтарымыздың әлеуетін ашуға бағытталғанын қоса айтып өтті.


Сонымен қатар, Ассамблея мүшелері Жолдаудың саяси жаңғыртудың органикалық жалғасы екенін, ал Мемлекет басшысы ұсынған әлеуметтік қолдау шаралары мен құрылымдық экономикалық реформалар «азамат – бизнес –мемлекет» триадасындағы қарым-қатынастарды терең қайта құрылымдауға әкелетінін атап өтті.

Баяндамашылар Ассамблея Жолдаудағы міндеттердің тікелей қатысушысы және белсенді жүзеге асырушысы болатынын атап өтті.

Олар өз сөзінде Қазақстанға этносаралық татулық, қоғамдағы бірлік пен келісім мәселелері бойынша ұлттық консенсусты нығайту керек екенін атап өтті.

Шара барысында ҚХА Кеңесінің мүшелері этносаралық қатынастардың үйлесімді дамуына кері әсерін тигізетін кез келген қоғамдық арандатушылық пен заңсыз әрекеттерге қатаң жауап беру қажеттігіне де назар аударды.

Жиынға қатысушылар ақпараттық кеңістікте өзара сенімсіздік тудырып, қоғамға алауыздық тудыруды тоқтатуға шақырды.

Кеңес мүшелері «Қазақстан – біздің басты құндылығымыз, біз өз еліміздің азаматтарымыз, сыртқы қақтығыстарға деген көзқарасымыз еліміздің, халқымыздың мүдделерінен туындауы тиіс» деген пікірді бірауыздан қолдады.

ҚХА Кеңесі Жолдау идеясының терең мағынасы ауқымды мақсаттарға қол жеткізу үшін көзқарастар тұрғысынан бөлінбей, керісінше, ауқымды мақсаттарға қол жеткізу жолында топтасуда жатқанын ерекше атап өтті.

ҚХА Кеңесінің барлық мүшелері Қазақстан халқын Отанымыздың гүлденуі жолында Жолдаудың міндеттерін жүзеге асыру үдерісіне қатысуға шақырды.

«Қазіргі кезеңде сайлау науқандары барысындағы басты міндетіміз – ұлттық біріктіруші құндылықтарымыз – мемлекеттік тілді, қоғамдық келісім қағидасын, этносаралық тұрақтылықты қорғау және нығайту, жаңа экономикалық саясатты қалыптастыру бойынша нақты қадамдар жасау», - деп атап өтті жиынға қатысушылар.

Кейін қарай