Қазақстан халқы Ассамблеясы

12 Қараша, 2021

234

Елордада өткен отырыста Қ.Тоқаевтың ҚХА Кеңесінің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі талқыланды

Елордада өткен ғылыми-сараптамалық тобының (ҒСТ) отырысы аясында Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі талқыланды.

Нұр-Сұлтан қаласы Ішкі саясат басқармасының ҚХА хатшылығы – этносаралық қатынастар мәселесі бойынша бөлім басшысы Кобзева Г.В. кіріспе сөзбен бастап, елордалық ҒСТ алдында тұрған міндеттердің негізгі шеңберін белгіледі: «Бірінші кезекте, бұл Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін ғылыми-сараптамалық сүйемелдеу және этносаралық қатынастар саласындағы жұмыстар мен жарияланымдарды үйлестіру және мемлекеттік ұлттық саясатты іске асыру; екіншіден, елорданың этникалық топтарының құндылық бағдары бойынша жүргізілетін бірқатар зерттеулерге пікір дайындау және Нұр-Сұлтан қаласындағы этносаралық жағдайға мониторинг жүргізу», - деп нақтылады Галина Владимировна.

Отырыс модераторы- Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Алаш» ҒЗИ жетекші ғылыми қызметкері Маслов Халил мемлекеттік органдар мен Қазақстан халқы Ассамблеясы өз жұмысын шоғырландыруы тиіс негізгі басымдықтарды атап өтті.

Отырыс барысында сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласындағы ҚХА ҒСТ-ның жаңа мүшелері, соның ішінде белгілі ғалымдар, саясаттанушылар, тарихшылар таныстырылды.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Дінтану кафедрасының профессоры Юлия Шаповал қуғын-сүргінге ұшыраған діни қызметкерлер мен түрлі діни сенушілердің жадын қалпына келтіру маңыздылығы туралы жалпыұлттық жадты қайта құру және нығайту тұрғысынан бөлісті.

Юлия Васильевна атап өткендей, көп ұлтты және көпконфессиялы ел ретінде Қазақстан үшін зайырлы кезеңде қуғын-сүргінге ұшырап, қазақ даласында орналасқан еңбекпен түзету лагерлерінде жазасын өтеген түрлі дін өкілдерін еске алудың маңызы ерекше:

Мемлекет басшысы Қ.Ж. Тоқаевтың тапсырмалары шеңберіндегі жастар бағытындағы жаңа үрдістер туралы ҚХА сессиясында ҚХА кафедрасының профессоры, саяси ғылымдарының кандидаты Бибігүл Булегенова айтып берді. Осылайша, ҚХА кафедрасы бүкіл Қазақстан бойынша жастарды ұлттық идеяның айналасына топтастыру бойынша үлкен жұмыс жүргізуде: ауқымды жобалар, соның ішінде халықаралық конференциялар мен ғылыми-зерттеу жұмыстарының түрлі конкурстары іске асырылуда.

«Егеменді еліміздің 30 танымал тұлғалары» жобасын іске асырудың алғашқы қорытындыларымен Нұр-Сұлтан қаласы ҚХА ҒСТ мүшесі, «Қырғызстан-Астана» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Шавкат Исмаилов бөлісті:

- Аталған жоба аясында Нұр-Сұлтан қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясының жастары мен елордалық ЖОО студенттері әлеуметтік желілерде тікелей бейнетрансляция барысында Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына өз үлесін қосқан көрнекті тұлғалардың есімдері бар қаланың 30 көшесі туралы әңгімелейді,-деді Ш.Исмаилов.

Жоба ел тәуелсіздігіне үлес қосқандарды еске алу құндылықтарын насихаттауға, ел тарихына қызығушылықты дамытуға, патриотизмді және Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыруға бағытталған.

Жоба барысында студенттер елорда мұрағатынан және ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасынан материалдарды жинап, жинақтайды. Жастармен сұхбат жүргізу үшін студияға ғалымдар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, көше аттары аталған адамдардың серіктері шақырылады.

Шавкат Абдуллаевич ҒСТ мүшелеріне болашақ бейнетрансляцияларға материалдар дайындауға тамаша демеу бола алатын тарихи деректермен және олардың зерттеулерінің нәтижелерімен бөлісе отырып, жобаны іске асыруға көмек көрсетуді ұсынды.

Алғашқы көрсетілім ағымдағы жылдың 24 қыркүйегінде Республика даңғылынан басталды. Желтоқсан айының басында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге Тәуелсіздік даңғылынан бейнетрансляция жоспарлануда. Қатысушылар даңғылмен Қазақ елі алаңына дейін жүріп өтеді.

Кездесу қорытындысы бойынша, отырыс модераторы - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Алаш» ҒЗИ жетекші ғылыми қызметкері Маслов Халил Нұр-Сұлтан қаласында тұратын этностар, оның ішінде ел мен қаланың дамуына үлес қосқан этностардың жекелеген өкілдері туралы ақпарат кіретін оқу құралын шығаруды ұсынды. Оқулықты шығаруға Нұр-Сұлтан қаласындағы ҚХА ғылыми-сараптама тобының мүшелері жүргізетін зерттеулер тартылатын болады.

Кейін қарай