Елордадағы Достық үйде Абайдың 175 жылдығына арналған ғылыми семинар өтуде

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай елордалық Достық үйінде «Абай – ақын, ойшыл, аудармашы» атты ғылыми семинар өтуде.

Ғылыми семинар «Абай шығармаларын аударудағы үндестік», Абай шығармашылығында кездесетін «Адам» концептісі», «Абай-аудармашы» және тағы да басқа тақырыптарды қамтиды.

Іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласы ЖОО ғалымдары, студенттер мен елордалық этномәдени орталықтардың мүшелері қатысуда.

Back to the list