Қазақстан халқы Ассамблеясы

02 Қыркүйек, 2019

1380

Елордалық ардагерлерге «Жерұйық» паркінде дәрігерлердің тегін қабылдауы ұйымдастырылды

 

Елордалық «Жерұйық» саябағында «Біз – Қазақстан халқымыз!» атты Конституция күніне арналған мәдени-бұқаралық іс-шара өтті.


Таң ата саябаққа жиналған қала тұрғындарының қатары көп болды. Ұйымдастырушылар тарапынан арнайы дайындалған денсаулық қалашығында ардагерлерге нутрициолог-дәрігерлер, психологтар мен терапевтердің тегін қабылдауы (қысым, салмақ, глюкоза мен холестерин деңгейін өлшеу) жүрді.

 

Концерттік бағдарламада ардагерлер қауымының шығармашылық ұжымдары ежелгі және заманауи әуендерді қазақ және орыс тілдерінде нақышына келтіріп орындады.


Шара барысында көпшілікке «скандинавиялық жүріс» ережесі түсіндірілді. «Артурион» фитнес клубының өкілдері спорттық қимыл-қозғалыстарды іс-жүзінде көрсетіп, оның пайдалы тұстарына тоқталды. Шара қатысушылары таза ауада белсенді демалып, іс-шараға келуі арқылы бойларына сергектік пен күш-қуат жинақтады.


Аудандық ардагерлер кеңесінің шығармашылық ұжымы «Атамекен» патриоттық әнімен кешті әсерлі аяқтады.

Кейін қарай