21 Наурыз, 2023
554
Елордалық Достық үйінде Наурыз мейрамын атап өтті
Елімізде Наурыз мейрамын мерекелеуге арналған мәдени-бұқаралық іс-шаралар өтуде.
Осындай ауқымды мерекелік іс-шаралардың бірі елордалық Достық үйінің алаңында “Қош келдің, Әз-Наурыз” деген атаумен өтті.
Аталмыш іс-шараға Сенат депутаттары, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің, Қазақстан халқы Ассамблеясының, Астана қаласы әкімдігінің өкілдері, дипломатиялық өкілдіктердің елшілері, мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, елордалық ҚХА мүшелері, қоғам қайраткерлері, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.
Алаңда киіз үйлер мен алтыбақан орнатылып, қазандарда наурыз-көже мен палау дайындалып, қонақтардың назарына концерттік және ойын-сауық бағдарламасы ұсынылды.
Мерекеге келген көпшілік киіз үйлердің ішінде қойылған елордалық этномәдени бірлестіктердің ұлттық нақыштағы экспозицияларымен танысып, қолданбалы өнер бойынша шеберлік сағаттарын қызыға тамашалады.
Сондай-ақ, қол күрес, қазақша күрес, асық ату, гір көтеру сияқты ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстар ұйымдастырылды. Спорттық ойындардың жеңімпаздары алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
-
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
-
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
2 Шілде, 15:38
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
4 Шілде, 18:04
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
4 Шілде, 14:19
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
6 Шілде, 11:50
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
6 Шілде, 09:06
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады