Қазақстан халқы Ассамблеясы

25 Сәуір, 2022

589

Елордалық оқушылар достық үйіне экскурсия жасады

Достық үйінде Нұр-Сұлтан қаласының №46 неміс мектеп-гимназиясының оқушыларына экскурсия ұйымдастырылды.


Кездесу барысында оқушылар елордалық Ассамблеяның тарихымен, этномәдени орталықтардың қызметімен, қолөнер және экспонаттармен, елорда этностарының тұрмыстық бұйымдарымен танысты.

Экскурсия барысында балалар қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының жетістіктері, этносаралық келісім мен ұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған үлкен жұмыстар туралы білді.


Этномәдени бірлестіктер Елорданың 20 жылдығында сыйға тартқан Достық үйі Ассамблеяның ғана емес, елорданың да визит карточкасы болып табылады. Ол халықаралық және өңіраралық ынтымақтастықтың нағыз этномәдени, әлеуметтік, ақпараттық-әдістемелік орталығына айналды.


Қалалық Ассамблеяның тарихы өткен ғасырдың сонау 90-шы жылдары ондаған этномәдени орталықтардан басталған, ал қазір оның қатарында 21 этномәдени бірлестік бар, барлық қызмет салаларын қамтитын тармақталған құрылым құрылды: 56 шығармашылық ұжым, 10 этнолингвистикалық мектеп, 7 Қоғамдық келісім кеңесі, 11 жастар қанаты, медиация кабинеті, Ғылыми-сараптамалық топ, аналар кеңесі, «Ассамблея жастары» РҚБ қалалық штабы, ақсақалдар кеңесі, «Парасат» қайырымдылық қызметін үйлестіру орталығы, «Аналар аманаты» қолөнер шығармашылығы орталығы, «Мәміле» ситуациялық қазақ тілінің пікірталас клубы, «Достық» орталығы», «Жыр орталығы», «ANK Live» тікелей эфир студиясы, дыбыс жазу студиясы, журналистер клубы, медиа-орталық.


Экскурсия барысында Достық үйінің елорданың барлық тұрғындары үшін маңызы зор екендігі атап өтілді, өйткені барлық адамдар бейбітшілік пен келісімде өмір сүргеннен артық бақыт жоқ.

Алдағы уақытта елорданың жалпы білім беретін мектеп оқушыларына арналған экскурсиялар жалғасатын болады.

Кейін қарай