09 Қыркүйек, 2019
1712
Елордалық жексенбілік этномектептер жаңа оқу жылын бастап кетті
Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы ассамблеясының қолдауымен елордалық армян, неміс, орыс жексенбілік этномектептер жаңа оқу жылын салтанатты түрде бастап кетті.
Нақтырақ айтқанда, «Ван» армян мәдени орталығы» ҚБ армян жексенбілік мектебінің жаңа оқу жылының басталуына арналған мерекелік іс-шарасын өткізді.
Жаңа оқу жылының басталуымен балаларды Нұр-Сұлтан қаласы ҚХА хатшылығының меңгерушісі Ләззат Құсайынова құттықтады.
«Елордалық Қазақстан халқы ассамблеясының 23 этномәдени бірлестігі жанында 12 жексенбілік мектеп жұмыс істейді. Оларда сабақтар кешенді және жүйелі түрде өткізіледі», – деп атап өтті Л. Құсайынова.
Армения Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Гагик Галачян да балаларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.
«Балалар үшін ең бастысы – сапалы білім алу. Қазақстан Республикасының Үкіметіне көрсетілген көмек үшін алғысым шексіз», – деді Г. Галачян.
«Ван» армян мәдени орталығының төрағасы Саак Салумян жексенбілік мектепте атқарылып жатқан жұмыстарға қысқаша тоқталып өтті. Оның айтуынша, осы жылда армян жексенбілік мектебінде 4 сынып бойынша 40 оқушы білім алатын болады.
Ал «Возрождение» немістер қоғамының ғимаратында неміс жексенбілік мектебі жаңа оқу жылының ашылу салтанатын ұйымдастырды. Германиядан арнайы келген мәдениет сұрақтары бойынша ассистент Антон Хаур мерекеліс іс-шараға қатысты. Сондай-ақ, мектепте «таңғы шеңбер», «танысу» ойындары өткізілді. Кейін балалар үш пән (неміс тілі, елтану, қолөнер) бойынша сабақтарға қатысты.
Өз кезегінде «Лад» республикалық славян қозғалысының елордалық филиалының орыс жексенбілік мектебі де 2019-2020 жылға арналған жаңа оқу жылына арналған алғашқы сабақтарын өткізді. Бұл жолы мектепке 15-тен аса жаңа оқушы қабылданды. Елордалық ҚХА хатшылығының бас маманы Гүлнар Тайгокова балаларды жаңа оқу жылымен құттықтап, орыс жексенбілік мектебінің тәжірибесі мен дәстүрлерін атап өтті.
Атап өту керек, Қазақстандағы этностардың жексенбілік мектептері этностардың тілдерін, мәдениеті және салт-дәстүрлерін дамыту мақсатында арнайы құрылған.
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті
-
Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде «Ана – ұлттың ұйыстырушысы» тәжірибеге бағытталған курсы басталды
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Шымкент қаласы
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
20 Маусым, 15:06
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті
18 Маусым, 00:17
Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде «Ана – ұлттың ұйыстырушысы» тәжірибеге бағытталған курсы басталды
вчера, 17:05
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
18 Маусым, 09:23