11 Маусым, 2019
2832
Елорданың Достық үйінде классикалық музыкалық кеш өтті
Нұр-Сұлтан қаласының Достық үйінде «Радима» белорус этномәдени орталығының ұйымдастыруымен классикалық музыка кеші өтті.
Концерттің бастамашысы «Amigos» квартетінің орындауында көрермендер Эдвард Григтің шығармаларын, дәлірек айтқанда Ішекті квартет соль минор (1, 2, 3 бөлім) туындысын тамашалай алды.
Квартет құрамындағы Дарья Мартынова (скрипка), Саид Мамиев (альт), Еркебұлан Құнанбаев (виолончель), Анастасия Мартынова (скрипка) - Қазақ ұлттық университетінің ІІ және ІІІ курс студенттері.
Кеш ұйымдастырушысы Александр Цвет: «Квартет Достық үйінде кеш ұйымдастыруға ниет білдірген соң, «Радима» белорус этномәдени орталығы қолдады. Барлық ұйымдастыру іс-шарасын музыканттар өздері қолға алды. Кеш ойдағыдай өтті. Тіпті музыканттардың ойнауы көпшілікке ұнағаны соншалық, олар биске орындады», – деді.
«Amigos» квартеті құрамының мүшелері І курстан бері құрылып, үлкен концерттерге қатысып жүрген болашағынан зор үміт күттіретін музыканттар. Олар университеттің Еуразиялық симфониялық оркестрінің құрамында Германия, Франция, АҚШ елдерінде концерт беріп жүр. Сонымен қатар жеке орындауда Аустрия, Франция мемлекеттерінде конкурстарға қатысқан.
Квартет болашақта репертуарын кеңейтіп, үлкен деңгейдегі концерттерде өнер көрсетуді мақсат етеді.«Биылғы жылдың маусымын осы кешпен аяқтадық. Жаңа маусым күз айында басталады. Бүгінгі кеште Эдвард Григтің Ішекті квартет соль минор шығармалары орындалды. Бұл туындылар оның студенттік кезіндегі алғашқысы. Кезінде тиісті бағасын алмаған шығармаларын автор досына ұсынған. Дей тұрғанмен Кельнде алғаш рет орындалды, бірақ ол сәтте де тыңдаушылар бағаламады. Аталған шығарма кейінірек жоғары бағасын берген тыңдармандарын тапты», – деді квартеттің скрипкашысы Анастасия Мартынова.
Нұргүл ШАТЕКОВА
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайына хабарласыңыз.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
вчера, 18:16
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
4 Шілде, 18:04
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
4 Шілде, 14:19
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
6 Шілде, 11:50
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
6 Шілде, 09:06