Қазақстан халқы Ассамблеясы

03 Мамыр, 2016

837

ЕЛШІ КӘРІС ҰЛТЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

 

Облыс әкімі аймаққа іссапармен келген Оңтүстік Корея Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Чо ЕНГ ЧОН мырзаны қабылдады. Кездесу кезінде Алик Айдарбаев мәртебелі мейманға жергілікті билік органдарының ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жүргізіп отырған реформаларды жүзеге асыру жөніндегі жұмыстары мен аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму үрдісі туралы кең тұрғыда әңгімеледі. Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың шарттары талқыланды. Оңтүстік Корея елшісі Маңғыстау облысының Каспий жағалауындағы елдерді жалғаушы маңызды көлік торабы екендігін атап өтті. Сондай-ақ, басқа да көптеген салаларда ынтымақтастық орнатуды көздейді.

Бұдан соң, мәртебелі мейман "Достық" үйіне барып, өңірдегі корей ұлтының өкілдерімен  кездесті. Елшімен кездесуге келген кәріс ұлтының өкілдері Қазақ еліне қоныс аударуы мен сонау ғасырлардағы тарихына үңіліп, өзара әңгімелерін өрбітті.  Қазірде облысымызда 800-ден астам кәріс ұлтының халқы тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Бұл - екі елдің өзара ынтымақтастығы мен бірлігінің белгісі.  

Чо Енг Чон  Оңтүстік Корея Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі

Маңғыстау - Қазақстанның маңызды облысы болып табылады. Өлкеңіз мұнай және газ сияқты  табиғи шикізаттарға бай. Облыста қазіргі уақытта екі корейлік компания қызмет етуде. Бұл ынтымақтастықтың біз үшін маңызы зор.Сондай-ақ, бүгін Маңғыстаудағы кәріс ұлтының өкілдерімен кездестім. Қазірде Қазақстанда 130 мыңнан астам ұлт өкілдері тұрады екен. Осылай ұлттардың бір шаңырақ астында  бірлік пен ынтымақтастықта өмір сүріп жатқаны - Қазақстан Президентінің салиқалы саясатының арқасы.

   

 

 

МОӘА «Қоғамдық келісім»КММ баспасөз қызметі

Кейін қарай