
08 Сәуір, 2024
261
Ерлан Қарин: Қазақстан халқының Ассамблеясы тарапынан айтарлықтай көмек көрсетіліп отыр
Қоғам белсенділері, волонтерлер және қарапайым азаматтар зардап шеккен жандарды қауіпсіз аймаққа көшіруге, гуманитарлық көмекті жинауға және жеткізуге, тұрғындарға ақпарат таратуға қатысты бірлескен жұмыста маңызды рөл атқарып отыр. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин әлеуметтік желіде жазды.
Бүгінде су тасқынына қарсы күреске барлығы 20 мыңнан астам волонтер жұмылдырылған. Олардың басым көпшілігі Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Абай, Ақмола және өзге де облыстардағы төтенше жағдайдар департаментінің қызметкерлеріне барынша жәрдемдесіп жатыр.
Қазақстан халқының Ассамблеясы тарапынан да айтарлықтай көмек көрсетіліп отыр. Жалпы республика бойынша қиын-қыстау жағдайға тап болған жандарға қолдау көрсетуге және қарғын су салдарын жоюға Ассамблеяның 9 мыңнан астам волонтері атсалысып жүр. Барлық аймақтардағы Достық үйінде еріктілер орталығы және гуманитарлық көмекті қабылдау орындары ұйымдастырылды - деді Ерлан Қарин. Этномәдени бірлестіктердің өкілдері зардап шеккен адамдарды азық-түлікпен, ыстық тамақпен, киім-кешекпен, қажетті заттармен және техникамен қамтамасыз етіп отыр. Қазіргі таңда Ассамблея тарапынан берілген қайырымдылық және гуманитарлық көмектің көлемі 110 миллион теңгеден асты.
Еліміздегі волонтерлік ұйымдардың жұмысын үйлестіру – маңызды міндеттің бірі. Мұны «Amanat» партиясының «Жастар рухы» жастар қанаты өз мойнына алды. Ауқымды филиалдар желісі және мемлекеттік органдармен жұмыс істеу тәжірибесі бар «Жастар рухы» ерікті құтқарушыларды жинау, гуманитарлық көмекті сұрыптау және жеткізу жұмысын тиімді атқарып отыр.
Бүгін бірқатар ірі волонтерлік бірлестіктің өкілдерімен кездестік. Күнделікті ұйымдастыру мәселелерін талқылап, бұрын-соңды болмаған су тасқынының салдарын жою үшін бірлесе жұмыс жүргізе беруге уағдаластық - деді Мемлекеттік кеңесші.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы орынбасарының Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясы: бірлік пен дамудың үш онжылдығы» халықаралық дөңгелек үстел өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық жылының ашылуы өтті
-
«Килиманджаро» шыңы Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай бағындырылды
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелеріне құттықтауы
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарының Алғыс айту күнімен құттықтауы
11 Наурыз, 20:22
«Азаматтық қоғам өкілдерімен жұмыс кезінде басқарушылық, коммуникациялық дағдылар мен құзыреттер» практикаға бағытталған курс басталды
15 Наурыз, 15:57
Бір апта бойы өткен этномәдени бірлестіктердің басшылары үшін практикалық-бағдарланған курс аяқталды
14 Наурыз, 15:50
ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – МЕЙІРІМДІЛІКТІҢ БЕЛГІСІ
14 Наурыз, 12:38
Практикаға бағытталған курс: үшінші күн
14 Наурыз, 17:51
Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-да Көрісу күні - бірлік, достық және құрмет күніне арналған мерекелік іс-шара өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы орынбасарының Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясы: бірлік пен дамудың үш онжылдығы» халықаралық дөңгелек үстел өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық жылының ашылуы өтті
-
«Килиманджаро» шыңы Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай бағындырылды
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелеріне құттықтауы
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарының Алғыс айту күнімен құттықтауы