13 Желтоқсан, 2019
1789
Ерлан Құсайын: «Сарқылмас қазына» фестивалі – шертпе-күй мен жыр-термені танымал етудегі серпіліс
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Қарағандының Достық үйінде облыстық Ассамблея «Арқа-айтыс мектебі» және «Күй керуен» шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен шертпе-күй және жыр-терме бойынша «Сарқылмас қазына» атты фестиваль өткізді.
Қазақ халқының рухы мен мұңын, болмысын ұлттық музыка тілінде түсіндіріп, өз іскерлігін көрсету үшін еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған дарынды жас талантты орындаушылар барлық ынтасын салды.
Концерттік бағдарламада көрермендер таңғажайып күй-тартысты, қазақ күйлерінің ежелгі дәстүрін, домбырашылар жарысын тамашалады. Құйқылжыта күй тартқан Қанат Бақраевтың, Қайрат Омаровтың, Темірлан Кубатттың шеберлігіне көрермендер дән риза болды. «Арқа-айтыс мектебі» орталығының жетекшісі және айтулы шараны жүргізуші филолог Айтбай Жұмағұл әрбір күйдің шығу тарихы туралы тереңнен толғап, тыңдаушыларға қызықты етіп жеткізе білді.
Фестивальдің қатысушылары бірінші кезекте көрермендерге ұлттық өнер мен халық аспаптарының жоғары маңыздылығын көрсету міндетін қойды. Дәулескер күйші Балғабек Смағұлов: «Іс-шараны өткізудің мақсаты қазақ халық шығармашылығын насихаттау ғана емес, сонымен қатар өскелең ұрпақты ұлттық дәстүрлерімізді құрметтеу рухында тәрбиелеу болып табылады. Халықтың дәстүрі ерекше қасиетке ие болғандықтан, салт-дәстүрді қастерлеу - әркімнің парызы», - деп атап өтті.
Көрермендердің ерекше қошеметін сезінген күйшілер шын мәніндегі шеберліктерін жан-жақты, әр қырынан жарқырата көрсете білді. Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлері, республикалық және ұлттық байқаулардың лауреаттары Балғабек Смағұлов, Болатхан Тәшімов, Құрманбай Әбденов, сонымен қатар олардың студенттері Мәдияр Сүлейменов, Абзал Мақашев және басқа да талантты жастар Құрманғазының, Тәттімбеттің, Қыздарбектің, Төлеген Момбековтың әйгілі туындыларын нақышына келтіре орындады. Халық әншілері Меруеш Башай, Әлібек Бимендин, Тілеужан Қордабаева және Назгүл Танатардың орындаған әндері тыңдаушылардың құлақ құрышын қандырды.
«Коғамдық келісім» КММ-нің басшысы Ерлан Құсайын танымдық-тағылымы мол мерекелік өнер шарасын қорытындылай келе, қатысушыларға Алғыс хаттар мен «Алпамыс батыр» жыр термесінің жинағын салтанатты жағдайда табыс етті.
Ерлан Бейсембайұлы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» мәдени-ағартушылық жобасы аясында ұйымдастырылған «Сарқылмас қазына» фестивалін қазақтың ұлттық топырағында дүниеге келген шертпе-күй мен жыр-термені танымал етудегі серпіліс екеніндігін атап өтті.
Ұқсас жаңалықтар
-
АСТАНАДАН ТӘЖІКТЕРДІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМӘДЕНИ БИЗНЕСМЕНДЕРІ 25 МЛН.ТЕҢГЕГЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРДІ
-
«Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруде Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылымдарының рөлін арттыру» тақырыбымен ZOOM-конференция өтті
-
Алматы қаласындағы республикалық Достық үйінің ұйымдастыруымен Ұлттық құрылтай отырысына қатысушылармен республикалық онлайн семинар өтті
-
Алматыда Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамында қайырымдылық іс-шарасы өтті
-
«Ассамблея жастары» белсенділері «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлеріне ұлттық ойындарды үйретті
-
Ассамблея жастары ұлттық ойындардан сайысқа түсті
10 Сәуір, 16:59
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Ораза айт мерекесімен құттықтауы
10 Сәуір, 16:57
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ораза айт мерекесімен құттықтауы
13 Сәуір, 13:05
ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР -ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ НЕГІЗІ
14 Сәуір, 17:46
АСТАНАДАН ТӘЖІКТЕРДІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМӘДЕНИ БИЗНЕСМЕНДЕРІ 25 МЛН.ТЕҢГЕГЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРДІ
15 Сәуір, 23:06
«БАРБАНГ» КҮРДТЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ АТБАСАР ҚАЛАСЫНА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРДІ