07 Сәуір, 2022
529
Ерлік – елге мұра
1995 жылы 7 сәуірде тәжік-ауған шекарасындағы шайқаста қазақстандық батальонның 17 әскери қызметкері қаза тапқан болатын. Осыған орай бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5547 әскери бөлімінде тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан әскерилерді еске алу рәсімі өтті.
Бір сәт үнсіздік орнап, Әнұран шырқалды.
Шараға облыстық ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» мекемесінің директоры Болатбек Айтбенбетов қатысып, сөз сөйледі.
«Ерлік өшпейді, ол уақыт өткен сайын айбындана түседі. Қастерлі Отанның қауіпсіздігі жолында жаужүрек ұландардың атқарған істері мәңгілік құрмет биігінде. Төрт сағатқа созылған кескілескен сол ұрыс 17 сарбаздың жасын, ғұмырын мезгілсіз қиды. Дегенмен, олар ел сенімін адал ақтады, жауға жанкештілікпен тойтарыс беріп, ұрпаққа ұран болар ерліктің ерен үлгісін көрсетті»,-деді.
Еске алу шарасы Отан үшін жанқиғандарға мәңгілік даңқ ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімімен аяқталды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Этнографиялық көрме: ортақ мұра – ортақ құндылық
-
Қырғызстаннан келген делегация ҚХА-ның қазақстандық тәжірибесімен танысты
-
Алматы қ. республикалық Достық үйінде «Ұйғыр ұлттық салт-дәстүрі: ұрпақтан-ұрпаққа мұра» форумы өтті
-
ЖЕҢІС МҰРАСЫ: «ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ» ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛІ
-
ШӘКӘРІМ МҰРАСЫ - ҰЛТ ҚАЗЫНАСЫ
-
Ақмол ауылында «Зияткерлік сынып - конструктор» республикалық пилоттық жобасы іске қосылды
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
26 Тамыз, 15:41
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
26 Тамыз, 17:00
«Мектепке жол»: мың баланың қуанышы
28 Тамыз, 10:20
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды