10 Қыркүйек, 2024
195
Қырғызстаннан келген делегация ҚХА-ның қазақстандық тәжірибесімен танысты
10 қыркүйекте Астана қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары - ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов Қырғызстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің төрағасы Алмамбет Матубраимовпен кездесті.
Іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин, сондай-ақ Астана қаласы әкімдігінің, ҚХА қоғамдық құрылымдарының, Қырғызстан халқы Ассамблеясының және республикалық этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты.
Ынтымақтастық, бірлескен жобаларды іске асыру, тәжірибе алмасу және жастарды достық байланыстарды одан әрі нығайту қызметіне тарту мәселелері талқыланды.
Қазақстан тарапы Қырғызстан халқы Ассамблеясының басшылығы мен мүшелерін 2025 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған іс-шараларға қатысуға шақырды.
Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қырғызстан халқы Ассамблеясының ынтымақтастығы туралы келісімге қол қойылды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Түркістан облысы
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Актөбе облысы