06 Мамыр, 2022
868
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды!
Бүгін, 6 мамырда Алматыдағы республикалық Достық үйінде ҰОС Жеңістің 77 жылдығына арналған «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» атты салтанатты іс-шара өтті.
Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының, Алматы қалалық Ардагерлер кеңесінің және этномәдени бірлестіктердің өкілдері, ғалымдар, сондай-ақ жастары қатысты.
Іс-шара барысында тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Найля Такижбаеваның «100-ші жеке атқыштар бригадасы» кітабының тұсаукесері өтті.
Сондай-ақ, қатысушылар Ұлы Отан соғысындағы жауынгерлдердің әскери ерліктерін және Ұлы Отан соғысындағы қазақстандық майдангерлердің өшпес ерлігін еске алып, аға буынның тағдырына қандай қиындықтар түскенін және жастардың ардагерлермен ғибратқа толы кездесулерді жиі өткізудің маңыздылығын атап өтті.
100-ші жеке атқыштар бригадасы 1941 жылдың желтоқсанында Алматы қаласында құрылғанын атап өткен жөн. Бригаданың алғашқы командирі подполковник В.Е. Шевцов болды, комиссар болып «Социалистік Қазақстан» газетінің редакторы Сақтаған Баишев, ал саяси бөлімнің басшысы ретінде Әбдірахман Досанов тағайындалған.
Аталған бригаданың алғашқы құрамында 86%-ы қазақ, 11%-ы орыс, ал қалған 3%-ы украиндар, белорустар мен басқа ұлттардың өкілдері болды. Бұл әскери құрама екінші Ржев-Сычев операциясына, Великолук, Невель шабуыл операцияларына қатыстқан.
Сонымен қатар, Ұлы Отан соғысының ардагері, ақын, жазушы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Леонид Юзефович Гирш туралы фильмнің үзіндісі жастарға арналып көрсетілді.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
-
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
-
ҚХА жастар қанатының өкілдері Жастар құқықтары жөніндегі комиссия құрамына кірді
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
30 Маусым, 16:36
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
2 Шілде, 15:38
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
4 Шілде, 18:04
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
4 Шілде, 14:19