04 Қыркүйек, 2015
1134
Еске алу шарасы
«Алан» осетин этномәдени бірлестігі Ақтау қаласындағы №6 мектеп оқушыларымен бірігіп, 2004 жылы Солтүстік Осетияның Беслан қаласындағы №1 мектепте болған террорлық шабуыл құрбандарын еске алу шарасын өткізді.
«Алан» осетин этномәдени бірлестігі Ақтау қаласындағы №6 мектеп оқушыларымен бірігіп, 2004 жылы Солтүстік Осетияның Беслан қаласындағы №1 мектепте болған террорлық шабуыл құрбандарын еске алу шарасын өткізді. Іс-шараға этномәдени бірлестік басшылары, «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері, №6 орта мектептің оқушылары мен ұстаздары, «Алан» осетин этномәдени бірлестігінің өклідері қатысты.
Іс-шара 1 минут үнсіздікпен басталды. Содан соң, ұйымдастырушылар Беслан қаласында болған қайғылы оқиға жайында деректі фильм көрсетіп, содырлық құрбандарының рухына арналған жазбаларды нақышына келтіріп оқыды.
Іс-шара барысында барлық қатысушылар сөз сөйлеп, өз ойын ортаға салды. Солардың бірі, «Алан» осетин этномәдени бірлестігінің төрайымы Фатима Биркле: «Содырлар Бесландағы нөмірі 1-мектепті басып алған оқиғадан бері, міне, 11 жыл өтті. Алайда, ол оқиға миллондардың жүрегінде жатталып қалды. Оны ұмыту мүмкін емес. Террорлық топ ол кезде 1200-ден астам оқушы мен мұғалімді кепілге алған. Оқиға барысында 334 адам, оның ішінде 186 бала қаза тапқан. Бүгінде мыңдаған халық қанды оқиға болған жерге келіп, гүл шоқтары мен ойыншықтар қойып, қаза тапқан балаларды еске алуда. Мұндай оқиғалар қайталанбауға тиіс», - деді.
Ұқсас жаңалықтар
-
ӨЗБЕКСТАНДЫҚ ВЕЛОСИПЕДШІ ХУРСАНД ШЕРОВ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ БАТЫРЫ МӘНШҮК МӘМЕТОВАНЫҢ ЕСКЕРТКІШІНЕ ТАҒЗЫМ ЕТТІ
-
Қарағандыда ҚХА 30 жылдығына арналған «Ақсақалдар тағылымы – адал қоғамның кепілі» салтанатты іс-шарасы өтті
-
«Ассамблея жастары» ұйымының мүшелері Ақтау қ. маңында ұшақ апатынан қаза болғандарды еске алды
-
АЛМАТЫДА АТЫ АҢЫЗҒА АЙНАЛҒАН ҰШҚЫШ ТАЛҒАТ БИГЕЛДИНОВТІ ЕСКЕ АЛУ КҮНІ ӨТТІ
-
Алматы қ. республикалық Достық үйінде «Бірлігіміз - әралуандықта» жобасы таныстырылды
-
«Халық жүрегінің әуендері» атты бірлескен іс-шарасы өтті
20 Тамыз, 18:17
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
22 Тамыз, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
25 Тамыз, 18:49
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
25 Тамыз, 15:35
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
20 Тамыз, 19:03
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.