17 Мамыр, 2016
943
Есте қалған естелік
Қаладағы «Эльба» кафесінде «Радонеж» орыс қауымдастығы соғыс және еңбек ардагерлерінің басын біріктіріп, «көгілдір от» кешін ұйымдастырған еді. Ардақты ардагерлеріміз №13 орта мектеп оқушыларының орындауындағы «...Волгадан Берлинге жеткен ардақты аталарының өмірлерін қиып, кішкентай немерелерінің ашық аспан астында бейбіт өмір сүруі үшін аянбағаны...» туралы әнін тік тұрып тыңдап, қол шапалақтады.
- Бүгін біз Жеңіс мерекесінің 71 жылдығын Пасха мерекесі күндері атап өтіп отырмыз, - деді өз сөзінде «Радонеж» орыс қауымдастығы басқармасының төрайымы Светлана Чаутина. - Сонау сұрапыл 40-шы жылдары біздер үшін өз өмірін қиғандарға мың тағзым, ал бүгінде біздің арамызда өмір сүріп жатқан соғыс және еңбек ардагерлеріне үлкен алғысымызды білдіреміз!»
Ардагерлер кездесуі есте қаларлықтай өтіп жатты. Мерекелік дастархан басында олар өздерімен соғыс майданында болған азаматтар туралы айта отырып, дүниеден озғандары туралы естеріне алды. Сонымен қатар әңгіме барысында өмірлерінің сәні мен мәніне айналған немерелері мен шөберелері де туралы айтып отырды.
«Калинка» вокалды ансамблі мен оқушылардың орындауындағы соғыс жылдарындағы әндерге аталарымыз бен апаларымыз да қосылып отырды.
Бүгінгі біздің ардагерлеріміз:
- Сталинград қаласының тұрғыны Раиса Ибрагимовна Утепбергенова, 1934 жылы туылған. Бомба жарылысы кезінде ата-анасынан айырылған. 1949 жылға дейін әскери хирург әпкесімен бірге госпитальда жатқан жаралыларға демеу болған.
- Вера Даниловна Кушнарева, 1937 жылы туылған. Жұмысшы, жол салушы. Турксиб жолдары: Жамбыл-Луговой, Жамбыл-Маймақ жолдарын салуға атсалысқан. Ленин ордені, Отанымыздың басқа да жоғары марапатының кавалері және көптеген еңбек медальдарының иегері.
- Нина Алексеевна Путилина, 1936 жылы туылған. Украина жерінде сұрапыл соғыстың үш жылында фашистік оккупацияның сұмдығын көрген. «Соғыс балалары» мәртебесінің иегері.
- Вера Михайловна Баулина, 1924 жылы туылған. 1943 жылдың мамыр айынан бастап Жамбыл қаласының әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесінде ақсақалдарға зейнетақысын, майдагер офицерлердің отбасыларына қаржылай аттестаттарын таратқан.
- Николай Филиппович Комаров, 1927 жылы туылған. 1945 жылы әскерге шақырылған. Алыс Шығыста жапон милитаризміне қарсы соғыста 6-шы гвардиялық танк армиясында соғысқан. Ұлы Отан соғысы ордені, жауынгерлік медальдармен марапатталған.
Жамбыл облысы әкімі аппаратының
«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
Қарағандыда жаңа туған нәрестелерге домбыра сыйлады
-
ҚХА Аналар кеңесі жаңа туған нәрестеге домбыра сыйлады
-
Қостанайда жазғы отбасылық оқылым акциясының қорытындысы бойынша эссе жинағы жарық көрді
-
Ақтауда ҚХА-ның жаңа жылдық қайырымдылық шыршасы өтті
-
Қоғамдық келісім кеңестері форум өткізді
-
Петропавлда «Қазақстан этностарының Қазақстан халқының ортақ тарихи және мәдени мұрасына қосқан үлесі талқылануда
23 Тамыз, 08:32
Шығыс Қазақстан облысында «Бірлік» халықаралық жастар лагері өтті
23 Тамыз, 14:51
ҚЫЗЫЛОРДАДА «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» ҚХА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ
23 Тамыз, 19:57
Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында «Алтын күз» мерекесін атап өтті
28 Тамыз, 18:45
Ақмолада өткен ҚХА «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы
23 Тамыз, 12:09
Жаңа оқу жылы қарсаңында Жетісу облысында ҚХА өкілдері «Мектепке жол» акциясын ұйымдастырды
Ұқсас жаңалықтар
-
Қарағандыда жаңа туған нәрестелерге домбыра сыйлады
-
ҚХА Аналар кеңесі жаңа туған нәрестеге домбыра сыйлады
-
Қостанайда жазғы отбасылық оқылым акциясының қорытындысы бойынша эссе жинағы жарық көрді
-
Ақтауда ҚХА-ның жаңа жылдық қайырымдылық шыршасы өтті
-
Қоғамдық келісім кеңестері форум өткізді
-
Петропавлда «Қазақстан этностарының Қазақстан халқының ортақ тарихи және мәдени мұрасына қосқан үлесі талқылануда