17 Наурыз, 2017
794
Этномәдени бірлестіктер Наурызды тойлауда
Еліміздің батыс өңірінде «Көрісу» мейрамы өткен соң ел жыл басы Наурызды қарсы алуға дайындық басталды. Халқымызда жаңа жылды ақ көңілмен бастау дәстүрге айналған. Осы дәстүр бойынша Жамбыл облысындағы этномәдени бірлестіктер айтулы мерекені тойлауға кірісіп те кетті.
Хиязов әулеті әдетте Наурызда көптен күткен қонақтарын қарсы алады. Бұл күні дастарханның сәнін кіргізетін, әрине, – наурыз көже. Бір қызығы, дүнген халқы аталған асты басқаша әзірлейді. Қазақ халқының наурыз көжесіне қарағанда әлдеқайда қою болып шығады. Өңірдегі татар-башқұрт, өзбек және дүнген этномәдени бірлестіктерінің өкілдері бас қосқан отырыс ән-бимен қызықты өтті.
Көпұлтты ортада жайылған дастарханда дүнгендердің санзы, қазақ елінің бауырсағы мен татарлардың чак-чагы қатар қойылды. Мерекелік үстел басында жиналғандар әр түрлі тілдерде алдағы жылға ізгі тілектерін айтты. Көктемнің келгенін білдіретін Наурыз мерекесі барлығын бір шаңырақтың астына жинайды. Ал бұл Қазақстанда өмір сүретін халықтардың тату болуына септігін тигізері сөзсіз.
Күн мен түннің теңелу мерекесі әлі алда. Еліміздің түкпір-түкпірінде Наурыз мейрамы дүркіретіп тойланатын болады. Ал қазір бұл бір-бірімен кездесіп, өткен жылда болған оқиғалармен бөлісіп, алдағы жылға ашық аспан пен сәттілік тілеу үшін керемет мүмкіндік.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
-
Бір апта бойы өткен этномәдени бірлестіктердің басшылары үшін практикалық-бағдарланған курс аяқталды
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Түркістан облысы тәжік этномәдени бірлестігінің төрағасымен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Шымкент қ. өзбек этномәдени орталығының активімен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Шымкент қ. өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасымен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Шымкент қ. ұйғырлар этномәдени бірлестігінің төрағасымен кездесу өткізді
20 Маусым, 15:06
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті
18 Маусым, 00:17
Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде «Ана – ұлттың ұйыстырушысы» тәжірибеге бағытталған курсы басталды
вчера, 17:05
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
18 Маусым, 09:23
Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті