Қазақстан халқы Ассамблеясы

14 Сәуір, 2016

672

Этномәдени бірлестіктер төрағалары басқосты

        Кеше облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-де облысымыздағы этномәдени бірлестіктер төрағалары басқосып, алда келе  жатқан 1 мамыр – Қазақстан   халқының  бірлігі  күнін жоғары  деңгейде атап өту  жайын ортаға салды. Жиынды Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, ассамблея хатшылығының меңгерушісі Мұратәлі Қалмұратов ашып, жүргізіп отырды.

         Жиында алдымен мереке қарсаңында Астана қаласында өтетін Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті ХХIV  сессиясына Оңтүстік Қазақстан облысы делегациясының қатысуы мәселелері талқыланды.  Сонымен қатар, 1 мамыр – Қазақстан   халқының  бірлігі  күніне  орай  мерекелік   іс-шарасын жоғары  деңгейде  өткізуге дайындық жан-жақты  пысықталды.

        Облысымыздағы этномәдени бірлестіктер тарапынан Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында «Достық сыйы» акциясын өткізу ұсынылған болатын. Акция аясында түрлі этнос өкілдері бір-біріне сый-сияпат жасап, өзара достықты  нығайта түспек. Әлеуметтік желілерде арнайы хештег арқылы жан-жақты насихатталатын бұл бастаманы жиынға қатысушылар бірауыздан қолдады. 

 

 

ОҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы,

                                      «Қоғамдық келісім» КММ-нің баспасөз қызметі

Кейін қарай