12 Ақпан, 2016
1216
Этномәдени бірлестіктердің мұражайына саяхат
Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжинириниг университетінің «Халықаралық қатынастар» мамандығының
2-ші және 3-ші курс студенттері Достық үйіндегі этномәдени бірлестіктердің мұражайына саяхат жасады. Мұражайда этностардың жәдігерлері көрмеге қойылған.
Экскурсия барысында Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкері Айгүл Төреғалиева студенттерге этномәдени бірлесіктердің көрмеге қойған құнды жәдігерлерін таныстырды. «Біздің мұражайда Маңғыстау облысындағы 21 этномәдени бірлестіктің жәдігерлері қойылған. Мұнда өзге ұлт өкілдерінің ұлттық киімдері, ыдыс-аяқтары сынды дүниелері қойылған. Бұл бұйымдар жиі-жиі, кейде ай, апта сайын жаңартылып отырады», - деді А.Төрегалиева.
Іс-шараға «Қазақстан кәрістері ассоциациясы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Ақтау қалалық филиалының төрайымы Райса Маденова-Хван қатысып, кәріс ұлтының ұлттық құндылықтары туралы айтып өтті. «Біздің жасақтаған көрмемізде өзіміздің ұлттық киімімізді, кітаптарымызды және т.б заттарды қойдық. Жалпы біздің ұлтымыздың үлкенді сыйлау, сәлем салу сынды кей қасиеттері қазақтарға ұқсайды. Біз сол жағынан келгенде рухани жақынбыз деп айта аламын. Біздің этномәдени бірлестіктің ақсақалдары мен әжелері әрдайым жастарымызға тәрбиелік маңызы зор түрлі ақыл-кеңестерін айтып отырады. Бүгінгі таңда Қазақстанды 130-дан аса ұлт мекен етіп, тату-тәтті өмір сүреді. Оның барлығы біздің Елбасымыздың сындарлы саясатының арқасы деп білемін. Мен осындай Қазақстанда тұратынымды мақтат тұтамын», - деді ол.
Іс-шара барысында белсенді топ Қазақстан халқы Ассамблеясы жайлы фильмді көріп, талқылады. Өз ойларын ортаға салған жастар, түрлі мәселелер бойынша пікір алмасып, естелікке суретке түсті.
МО ӘА «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
-
Бір апта бойы өткен этномәдени бірлестіктердің басшылары үшін практикалық-бағдарланған курс аяқталды
-
Алматы облысында этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен дөңгелек үстел өтті
-
Теміртау қ. «Qarmet» АҚ ғимаратында орналасқан этномәдени бірлестіктердің Ашық есік күні өтті
-
Өскеменде теңізшілер мен саяхатшыларға қамқоршы Николай Чудотворецке арналған мереке аталып өтті
-
СҚО-да шетелдік студенттер киелі жерлерді аралап көрді
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
28 Шілде, 11:13
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
1 Тамыз, 19:35
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
вчера, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты