20 Сәуір, 2022
2086
Этнос жастары сурет салу байқауында отаншылдық пен бірлікті дәріптеді
Бүгін Түркістан қаласында этнос жастары арасында патриотизм, бірлік пен келісімді насихаттау мақсатында «Туған елім – Қазақстаным» атты ұлттық образ бейнелері бойынша сурет салу байқауы ұйымдастырылды.
Аталған байқау облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-сінің ұйытқы болуымен және Түркістан жоғары көпсалалы, қолөнер колледжінің қолдауымен өткізілді. Байқауда 15-ке жуық жас бақ сынады.
Ашылу салтанатында сөз алған Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Ерназар Баетов және Түркістан жоғары көпсалалы, қолөнер колледжінің директоры Айдос Абпазов қоғамдағы этносаралық татулық пен бірліктің маңыздылығына тоқталып, сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылғы 21 қазанда Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің отырысында этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру жөніндегі шаралар туралы тапсырмалар берген болатын. Осы тапсырма аясында және «Балалар жылы» шеңберінде білім беру ұйымдарында патриотизмге, бірлік пен келісімге үндейтін ұлттық образдардың үздік көрнекі графикалық бейнелерін анықтау бойынша конкурс ұйымдастырылып жатыр. Бұл шараның жастарға беретін пайдасы жоғары деп есептеймін. Себебі, байқау жас ұрпақты тарихи-мәдени және рухани құндылықтарды бағалауға, жас суретшілердің кәсіби шеберлігін арттыруға, олардың ой-өрісін кеңейтуге бағытталған, - деді Е. Баетов.
Сайыс барысында жас суретшілер өнерлерін жан-жақты паш етуге тырысты. Олар ұлттық салт-дәстүр мен бірлікті, сыйластықты бейнелейтін суреттерді қағаз бетіне түсірді. Жастардың туындыларын Түркістан жоғары көпсалалы, қолөнер колледжінің бөлім меңгерушісі Кулжан Омарбаева бастаған қазылар алқасы бағалады.
Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасының шешімімен І орынға Назым Әбдіманап лайық деп танылды. II орынды Севинич Рахимова мен Насиба Каримова, ал ІІІ орынды Барчинай Зуриева, Мадина Пернебай және Нұрай Қуандық иеленді.
Байқау соңында жүлдегерлер мен жарысқа белсене қатысқан жас суретшілер арнайы марапатталды. Оларға Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Э. Жанғазиеваның Алғыс хаты табыс етілді.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «Ассамблея жастары» төрағасы Т. Джумурбаевпен кездесті
-
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
-
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
-
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
26 Тамыз, 15:41
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
26 Тамыз, 17:00
«Мектепке жол»: мың баланың қуанышы
28 Тамыз, 10:20
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды