Қазақстан халқы Ассамблеясы

16 Қараша, 2021

236

Этносаралық қатынасты түсіндіруге бағытталған вебинар өтті

Солтүстік Қазақстан облысының этносаралық қатынастар саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмысының жоспарын іске асыру шеңберінде КММ қызметкерлері Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлерімен вебинарға қатысты.

«Қоғамдық келісім» КММ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және этникалық, тілдік және өзге тиістілік белгісі бойынша кемсітушілікті болдырмайтын тең құқықтар қағидаттарын іске асыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жалғастырып отыр.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының қазан айында өткен кеңесі туралы ХҚКО қызметкерлерін хабардар етті, Президенттің этникалық және діни негіздегі қақтығыстарға, ұлтшылдық, шовинизм, кез-келген белгілер бойынша кемсітушілік көріністерінің жолын кесуге «мүлдем төзбеушілікті» қамтамасыз ету туралы талабына назар аударылды.

ХҚКО қызметкерлеріне жанжал туындаған жағдайда қажетті кеңес алу үшін байланыс телефондары берілді.

Кейін қарай