Қазақстан халқы Ассамблеясы

27 Желтоқсан, 2014

5161

Этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық моделі

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Мемлекеттік саясатты даму қоры» қоғамдық қоры еліміздің бес жоғары оқу орындарында "Этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық моделі" тақырыбында жыл сайынғы республикалық дәрістерді өткізді. 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың саясатымен орныққан этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық моделі қазіргі күнде әлемдік деңгейде мойындалды деп айтуға болады. Дегенмен, еліміздің болашағы болып табылатын қазақстандық жастарға   оның шынайы мәні мен маңызын және оның бастауында тұрған идеяны жан-жақты түсіндіру бағытындағы жұмыстар мен шаралардың өзектілігі сақталып қала бермек.
Аталмыш бағытта Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Мемлекеттік саясатты даму қоры» қоғамдық қоры еліміздің бес жоғары оқу орындарында "Этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық моделі" тақырыбында жыл сайынғы республикалық дәрістерді өткізді. 

Дәрістердің басты мақсаты - әлемдік қауымдастықпен мойындалған ұлтаралық ауызбіршіліктің қазақстандық үлгісінің мол мұрасын жас ұрпаққа жеткізу, студенттерді толеранттылыққа тәрбиелеу, «Мәңгілік Ел» идеясы шеңберінде қоғамдық келісім мәдениетін нығайту.
Аталған жобаны педагогика ғылымдарының докторы, профессор  Қамарияш Қалкеева, философия ғылымдарының докторы, профессор Ғазиз Телебаев, филология ғылымдарының кандидаты Тимур Козырев тәрізді жетекші сарапшы-ғалымдар іске асыруда. 
Үлкен қызығушылық тудырған алғашқы дәріс  7-қарашада Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе аймақтық мемлекеттік университетінде өткен болса, қызықты дәрістер одан кейін кезек-кезекпен қараша айының соңына дейінгі аралықта С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде, О.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінде, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде және М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде жалғасын тапты. Аталған жоғары оқу орындарында өткен дәрістер барысында дәріскерлердің кәсіби деңгейімен және жастардың үлкен қызығушылығымен үйлесім тапқан танымдық мәнге ие сұхбаттасулар орын алды. Кездесулер барысында жастарға еліміздің білікті сарапшыларының дәрістері енген кітаптар таныстырылды.
Кездесулер мен дәрістер барысында студенттермен этносаралық ауызбіршіліктің қазақстандық моделінің болашағы, этномәдени бірлестіктердің ұлтаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімді қалыптастырудағы рөлі, жастар арасында толеранттылыққа негізделген қазақстандық патриотизмді дамыту мәселелері жан-жақты талқыланды. 

Жастар көпұлтты Қазақстанға тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында көрініс тапқан қиындыққа толы жылдардың өзінде қоғамдағы этносаралық келісімді сақтап қалып, ұлтаралық қақтығыстарға жол бермеуге қол жеткізгенін үлкен қызығушылықпен қабылдады. 
Қазақстанда дамуға қажетті материалдық және рухани байлықтарға тұғырланған үлкен оңды әлеует бар екендігіне ерекше назар аударылды. Жалпы, қазақстандық қоғамға тән субмәдениеттің негізгі ерекшелігі - өз тілін, мәдениетін терең құрметтеумен қатар  бір мезгілде басқа халықтардың тілін, дәстүрлері мен мәдениетіне сыйластықпен қарай алатындығы екендігі айтылды.
Пікіралмасулар нәтижелері этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық моделі Тәуелсіз Қазақстанның дамуы мен гүлденуінің кепілі болып табылатыны  кезекті рет дәлелденді. Елімізде мемлекеттік органдардың этномәдени бірлестіктермен өзара әрекеттесуінің пәрменді жүйесі қалыптасқан. Базалық қағидаттары барлық ұлттық және конфессиялық топтардың тең құқықтығына негізделген мемлекеттік ұлттық саясатты жүзеге асыру тетіктері жасақталған және ол табысты түрде іске асырылуда. Ал Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясымен құрылып, бірегей институт ретінде мойындалған Қазақстан Халқы Ассамблеясының еліміздегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етудегі қызметінің бағасы орасан зор.
Студенттер мен оқу орындарының оқытушылары өз пікірлерінде осы дәрістерді заманауи жастарды толғандырып жүрген қазақстандық қоғамның дамуының аса мәнді мәселелері жан-жақты талқыланған өзекті деп тапты. Тыңдармандардың пікірінше, дәріскерлердің баяндамалары еліміздегі әлеуметтік-саяси ахуалдың шынайы сипатын ашып көрсетіп, дәрістерде келтірілген соңғы жылдардағы әлеуметтік сауалнамалармен анықталған мәліметтер көп мәселеге басқаша қырынан қарауға мүмкіндік береді.
Тыңдармандар дәрістердің ұйымдастырылуы жоғары деңгейде және таратпа материалдардың сапалы екенін атап өтті. Аудитория дәрістері біткен соң авторлармен бейресми тілдесуге кең мүмкіндіктер алды.

«Мемлекеттік саясатты даму қоры» қоғамдық қоры

 

Кейін қарай