Қазақстан халқы Ассамблеясы

04 Қыркүйек, 2022

51

ЭТНОЖУРНАЛИСТИКА САЛАСЫНДА «ШАҢЫРАҚ» ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

1.1. Этножурналистика саласында «Шаңырақ» шығармашылық конкурсының қорытындыларын (бұдан әрі – Конкурс) өткізуге арналған осы Ереже Қазақстан халқы Ассамблеясының (2025 жылға дейін) даму тұжырымдамасын жүзеге асыру Іс-шаралар Жоспарын орындау мақсатында, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 12 мамырдағы №146 бұйрығымен бекітілген «Қоғамдық келісім» Республикалық мемлекеттік мекемесінің Ережесіне сәйкес.

1.2. Конкурстың басшылығы:

1) Конкурстың құрылтайшысы - Қазақстан халқы Ассамблеясы, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі (бұдан әрі – Құрылтайшы);

2) Конкурсты ұйымдастырушы - Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жанындағы «Қоғамдық келісім» Республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Ұйымдастырушы).

1.3. Осы Ереже конкурстың өткізілу тәртібін және жобаларды іріктеу өлшемдерін айқындайды.

2. Конкурстың мақсаты және міндеттері

2.1. Конкурстың мақсаты – этносаралық келісім тақырыбындағы материалдарды жазып-көрсететін журналистерді ынталандыру арқылы отандық журналистиканың дамуына жәрдемдесу.

2.2. Конкурстың міндеттері:

- этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясаттың мәні мен мазмұнын ашатын, мәдениетаралық диалогты дамытуға ықпал ететін бағдарламалар мен материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарында және ақпараттық кеңістікте танымал ету;

- көпэтносты Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрінің озық үлгілерін ақпараттық кеңістікте насихаттау;

- мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту;

- БАҚ-та және ақпараттық кеңістікте қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту мәселелеріне арналған журналистік материалдардың сапасын арттыру;

- қоғамдық келісім мен ұлттық бірлік тақырыбын жарыққа шығарудағы қазақстандық БАҚ-тың рөлі мен жауапкершілігін арттыру.

3. Конкурсқа қатысушылар

3.1. Конкурсқа қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының журналистері, блогерлер, этномәдени бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, ғылым және мәдениет қайраткерлері, сарапшылар және жеке авторлар қатыса алады.

3.2. Әр қатысушы тек 1 (бір) немесе 3 (үшке дейін) өтінім бере алады.

4. Конкурс басшылығы

4.1. Конкурс құрылтайшысы Конкурсқа жалпы басшылықты жүзеге асырады.

4.2. Ұйымдастырушы:

- осы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;

- қазылар алқасын құрады және оның құрамын бекітеді;

- конкурстың барлық рәсімдері мен оның өткізілу тәртібін айқындайды және конкурс жеңімпаздарын марапаттауды қамтамасыз етеді;

- конкурс қорытындыларын бекітеді;

- www.assembly.kz сайтында конкурстың жариялануы туралы ақпарат орналастырады, конкурстың қорытындылары туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар етеді.

4.3. Облыстық деңгейде құрылтайшылары – облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылықтары, ұйымдастырушылары – облыстардың «Қоғамдық келісім» КММ, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары.

4.4. Конкурс жеңімпаздарын айқындау мақсатында Ұйымдастырушының қатысушылардан қосымша ақпарат сұратуға құқығы бар.

4.5. Конкурс жеңімпазын қазылар алқасы айқындайды.

5. Конкурсты өткізу тәртібі мен мерзімі

5.1. Конкурсқа мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған, 2022 жылғы 1 қазанға дейін БАҚ-та, оның ішінде, этномәдени бірлестіктердің бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет-ресурстарда жарияланған баспасөз материалдары, теле-радиобағдарламалар қабылданады.

5.2. Конкурс келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

- қоғамдық келісім мен ұлттық бірліктің қазақстандық үлгісінің мәнін ашуға арналған үздік аналитикалық материал;

- Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің жаңа бағыттары мен жобаларын ашатын үздік материал;

- жас ұрпақты қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуге, мәдениеттерді өзара байытуға бағытталған үздік материал;

- әлеуметтік желілерде қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіруге арналған үздік материал;

- мемлекеттік тілді насихаттау мен қолдану аясын кеңейтуге арналған үздік материал.

5.3. Конкурстың бірінші кезеңіне қатысу үшін:

- Конкурсқа қатысушылар конкурстық жұмыстарды тікелей Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Қоғамдық келісім» РМУ-ға немесе облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының «Қоғамдық келісім» ҚММ 2022 жылғы 1 қарашаға дейін жібере алады;

- аймақтық «Қоғамдық келісім» КММ-нен тапсырылған конкурстық жұмыстар Конкурстың қорытындысына қатысу үшін «Қоғамдық келісім» РММ ұйымдастырушыларына 2022 жылдың 1 қарашасына дейін беріледі.

5.4. Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының «Қоғамдық келісім» КММ Конкурсқа қатысушылардың өтінімдері мен материалдары пошта арқылы (немесе электрондық нұсқасы) 2022 жылғы 1 қарашаға дейін baspasoz@qkelisim.kz электрондық поштаға қоса беріледі. Конкурстың қорытындысы және үздік жұмыстары үшін қатысушыларды марапаттау рәсімі 2022 жылдың қараша айында өтеді.

5.5. Конкурстық өтінімдерді қабылдаудың жарияланған мерзімі аяқталғаннан кейін немесе Конкурс талаптарына қайшы келетін Конкурсты ұйымдастырушыға берілген өтінімдер қарастырылмайды.

5.6. Байқауға жіберілген материалдар рецензияланбайды немесе қайтарылмайды.

6. Конкурстық іріктеудің критерийлері:

1) материалдың конкурс тақырыбына, мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігі;

2) мәлімделген номинациядағы тақырыптың толық ашылуы;

3) автордың шығармашылық көзқарасы, материал беру ерекшелігі;

4) материалдың жаңалығы мен өзектілігі, объективтілігі мен шынайылығы;

5) автор көтерген мәселелердің қоғамдық маңызы.

7. Конкурстық өтінімді рәсімдеу талаптары:

7.1. Конкурсқа қатысуға өтінім осы Ережеде көзделген талаптар мен шарттарға Конкурсқа қатысуға өтініш берген қатысушының келісімін білдіру нысаны болып табылады.

7.2. Конкурсқа қатысуға өтінім бергенде, мыналар болуы тиіс:

- осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес форма бойынша кандидат толтырған өтінім;

- өтінімнің конкурс талаптарына сәйкестігін растайтын қосымша құжаттар болуы тиіс.

Конкурсқа қатысу үшін бір үміткерден берілетін материал саны 3-тен кем болмауы тиіс.

7.3. Конкурсқа қатысу үшін келіп түскен өтінімді конкурсты Ұйымдастырушы өтінімнің келген күні мен уақытын көрсетіп, тіркейді. Ақпараттық сипаттағы қысқа материалдар (баспасөз хабарламалары және т.б.) конкурсқа қабылданбайды.

Байланыс телефондары: + 7 7172 75 12 23

E-mail: baspasoz@qkelisim.kz

Қосымша №1

«ШАҢЫРАҚ»

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КОНКУРСЫНА ҚАТЫСУ ҮШІН:

1. Қатысушы туралы мәліметтер:

*мекен-жайы;

* аты-жөні;

* байланыс телефоны;

* жұмыс орны;

* лауазымы;

2. Шығармашылық құжаттарының түрлері/форматтары:

* баспа басылымдарында жарияланған (немесе сканерленген) материалдардың көшірмелері, сілтемелерімен қоса;

* интернет-парақтардың басып шығарылуы;

* теле-радиобағдарламалардың DVD, CD дисктерге жазылған нұсқасы.

Кейін қарай