29 Мамыр, 2014
892
Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісімнің қол қойылуына байланысты Қазақстан халқы Ассамблеясының ел азаматтарына үндеуі
Еуразиялық кеңістікте тең құқықты, көпғасырлық достық, ашықтық және өзара сенімділік принциптеріне негізделген XXI ғасырдың жаңа интеграциялық бірлестігі құрылып отыр.
Құрметті отандастар!
Азаматтар!
Бүгін біз әлемдік деңгейдегі оқиғаға – Еуразиялық экономикалық одақты құру туралы келісімге Беларусь, Қазақстан, Ресей мемлекеттері басшыларының қол қою рәсіміне куә болып отырмыз.
Еуразиялық кеңістікте тең құқықты, көпғасырлық достық, ашықтық және өзара сенімділік принциптеріне негізделген XXI ғасырдың жаңа интеграциялық бірлестігі құрылып отыр.
Үш бауырлас мемлекет үдемелі модернизациялау, тұрақтылық пен ұлттық экономикалардың бәсекеге қабілеттілігін нығайту, адамдардың әл-ауқатын арттыру үшін өздерінің әлеуеттерін біріктіруде.
Болашақтағы экономикалық қауіпсіздіктің сенімді негізі қалануда.
Елбасы 20 жыл бұрын бастамашы болған Еуразиялық интеграцияның ғаламдық идеясы өзінің елеулі пішіні мен нақты бейнесін тапты.
Бұл Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегі, ынтасы және саяси жігерінің нәтижесі, халықаралық беделінің мүлтіксіз мойындалуының дәлелі.
Келісімге Отанымыздың елордасы – Астанада қол қойылуының да өзіндік мәні бар. Қазақстан Тәуелсіздік жылдары Елбасының жетекшілігімен мықты мемлекетке айналды. Біздің жалпы ішкі өніміміз адам басына шаққанда 14 мың АҚШ долларына жетті, ал алтын-валюталық резервтер 100 млрд. АҚШ доллары межесіне көтерілді.
Еліміз аса ірі адами және өнеркәсіптік әлеуеті бар, 170 млн.тұрғыны бар нарықты біріктіретін, 20 млн.шаршы километрден астам территориясы немесе жер шарының 15% құрлығын құрайтын орасан зор табиғи ресурстары бар қуатты ұйымның мүшесі болды.
Еуразиялық экономикалық одақты құру экспорттық өндірісті, транспорттық инфрақұрылымды одан әрі қарқынды дамыту бойынша жаңа мүмкіндіктерді ашады, әлем мұхитына шығу жолдары ашылады.
Интеграциядан болатын макроэкономикалық әсер еліміздің дамуында қарқынды қадам жасауға, жаңа мүмкіндіктерді ашуға және инновациялық экономиканың өсуіне мүмкіндік береді.
Бірақ, ең бастысы – халықтың әл-ауқатының өсуі үшін орасан зор мүмкіндіктер ашылады.
Қазақстан халқы Ассамблеясы Еуразиялық экономикалық одақты құруды толығымен қолдайды.
Еуразиялық экономикалық одақ әлемдік интеграциялар орталықтарының біріне айналатынына және жетекші интеграциялық одақтардың үштігіне кіретініне сенімдіміз. Қазірдің өзінде бірлестіктің қызметіне әлемнің көптеген мемлекеттері жоғары қызығушылық танытуда.
Елбасы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылу бойынша қойған міндеттерді орындау үшін Еуразиялық экономикалық одақ жұмылдырушы бастама болатынына сенімдіміз.
Еуразиялық экономикалық одақ болашақ ұрпағымыздың игілігі үшін жасалатын, еліміздің үдемелі дамуының кепілі болып табылатын қоғамдық келісімді, ел бірлігін және Қазақстанның Тәуелсіздігін нығайтуға жаңа серпіліс беретінін атап өтеміз!
Біз осы болжамдардың іске асатынын табанды түрде атап өтіп, Қазақстан халқын алға жетелейтін жаңа міндеттерді орындау үшін Елбасы, еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жанына топтасуға шақырамыз.
Бірге және тек алға!
Қазақстан халқы Ассамблеясы
Астана қаласы, 2014 жылғы 29 мамыр
Ұқсас жаңалықтар
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
-
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
вчера, 18:16
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
4 Шілде, 18:04
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
4 Шілде, 14:19
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
6 Шілде, 11:50
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
вчера, 13:10