Қазақстан халқы Ассамблеясы

21 Шілде, 2015

5644

«Еуропадан Алтын Ордаға дейін»

18-19 шілде аралығында Павлодар қаласында, Ертіс өзенінің жағалауында «Ратное поле» атты тарихи семсерлесуден V халықаралық жарысы өтті. «Еуропадан Алтын Ордаға дейін» деген атауға ие болған ортағасырлық тарихи шайқас сайысы Қазақстан халқы Ассамблеясының 20-жылдығы мен Павлодар қаласы күні мерекелеріне орай арнайы өткізілді.

 

18-19 шілде аралығында Павлодар қаласында, Ертіс өзенінің жағалауында «Ратное поле» атты тарихи семсерлесуден V халықаралық жарысы өтті. «Еуропадан Алтын Ордаға дейін» деген атауға ие болған ортағасырлық тарихи шайқас сайысы Қазақстан халқы Ассамблеясының 20-жылдығы мен Павлодар қаласы күні мерекелеріне орай арнайы өткізілді.

«Ратное поле» сайысын Славян мәдени орталығының белсенді мүшесі «Солтүстік мұнара» атты тарихи семсерлесу клубы ұйымдастырды. Сонымен қатар іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы, облыс және қала әкімшілігі мұрындық болды.

Сайыстың ашылу салтанатына Славян мәдени орталығының төрағасы Кузина Татьяна Ивановна қатысып, көрермендер мен қала қонақтарына және жағалаудағы демалушыларға құттықтау лебізін білдірді.

Бұл күні көрермендер спорттың ерекше түрі - «Ортағасырлық тарихи семсерлесудің» әсерлі және тартымды көріністерін тамашалау мүмкіндігіне ие болды. Спорттың бұл түрі ортағасырлық тарихты зерттеу мен қайта жаңғыртуды талап етеді және бұл оның басты ерекшеліктерінің бірі болып табылады. Жартылай кәсіптік болып табылатын спорттың бұл түрі бойынша әлемдік деңгейде чемпионаттар да ұйымдастырылады. 

«Еуропадан Алтын Ордаға дейін» атауымен өтіп жатқан тарихи семсерлесуден V халықаралық сайысқа Астана, Алматы, Петропавл, Өскемен, Павлодар командаларымен қатар Ресей Федерациясының Омбы қаласынан келген топтар да қатысты.

Турнирге қатысушылардың жекелей жекпе-жектері және командалық сайыстары, «Семсер мен қалқан», «Жұмсақ семсер» сияқты классикалық семсерлесу сайыстары көрермендерге ерекше әсер етіп, ал сайысқа қаысушылар жарыстан және өзара күш сынасудан  рахат сезімін бастан кешірді. 

Іс-шара аясындағы топтық жекпе-жектер көрермендердің ерекше ықыласына ие болды. Ал Руслан Колеевтің жетекшілігімен өткен семсерлесу өнерінің көрсетілімдері, көрермендер арасындағы жекпе-жектер, Ортағасырлық тарихи семсерлесудің әлемдік чемпионатының бейнероликтері, фаер-шоу және шотланд волынкасын жетік меңгерген Олег Коноваловтың музыкалық үзілістері – барлығы, көрермендерге тамаша көңіл күй сыйлады.

Қаламызда өткен «Еуропадан Алтын Ордаға дейін» атты тарихи семсерлесуден V халықаралық жарыс нағыз спорттың, бейбітшілік пен достықтың мерекесіне айналды.

Павлодар облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

медиа қамту бөлімі

 

Кейін қарай